Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 222
  • Week Visit: 8  806
  • Month Visit: 46  804
  • Years Visit: 539  306
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданының әкімі Б.Абдулдаевтың ҚР Конституциясы күні мерекесімен құттықтауы

111111111111111Құрметті жерлестер!

Ардақты ағайын!

Баршыңызды еліміздің тәуелсіздігін айқындайтын басты құжат – Ата Заң -Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Ата Заң бойынша Қазақстан Республикасының әрбір азаматы білім алуға, денсаулығын сақтауға, еңбек етуге,  еркін өмір сүруге құқығы бар. Конституцияның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп  көрсетілуі осының  дәлелі.

1995 жылы 30 тамызда қабылданған қазіргі  Ата Заң халықаралық  нормативке сай дайындалған. Оны референдумда халқымыздың 90 пайызға жуығы қолдады.

Уақыт әрқашан алға жылжиды. Соған сай Конституцияға да өзгерістер мен толықтырулар  енгізілді. Олар еліміздегі демократиялық принциптердің  дамуына, реформалар жүргізуге байланысты болды.  Бұлар да  халықтан зор  қолдау тапты.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, Қазақстан тәуелсіздік тізгінін ұстаған ширек ғасырға жуық уақыттан бері  еліміз өркениетті, құқықтық-демократиялық мемлекет құру жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың байыпты басшылығымен, халықтың зор күш-жігерімен республикамыз әлем қауымдастығының тең құқылы мүшесі болып, жоғары сенім мен орнықтылық факторы қалыптасқан мемлекет ретінде мойындалды.

Бүгінгі таңда алдағы бағдарымыз айқын: ол – «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы. Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуға талпынған туған  еліміз  бір мақсатқа ұмтылып, ортақ  мүддеге жұмылған. Соның нәтижесінде  республика экономикасы дамудың даңғыл жолына түсіп, белестен-белеске көтеріліп келеді. Қоғамның барлық саласында  өсу, өрлеу, өркендеу байқалады. Бұның барлығы – ең алдымен ұлтаралық татулық саясатының, қоғам мен мемлекеттің табанды әрі нысаналы жұмысының нәтижесі. Осы бағыттағы жетістіктерді одан әрі баянды етіп, алда тұрған міндеттерді абыроймен орындау – бүкіл республика халқының таяу жылдардағы басты борышы екені баршаңызға айқын түсінікті деп ойлаймын. Туған еліміз  тәуелсіздік жолында сенімді қадам басып, өркениеттің өріне өрлеп келе жатса, соның бәрінде күллі республика, облыс еңбекшілерінің, оның ішінде әрине, Сіздердің де үлкен үлестеріңіз бар. Береке- бірлікке бағытталған істердің бәрі де Өздеріңіздің қатысуларыңызбен жүзеге асып келеді.                  

Ардақты ағайын!

Қазақ халқымен бірге қырықтан астам ұлт пен ұлыстардың  өкілдері тұратын жазиралы Жаркент жерінің жасампаз елі бұдан былай да Отанымыздың күш-қуатын арттыруға, достықты нығайтуға сүбелі  үлес қосады деп сенемін.

Бүгінгі жарқын да мерейлі мереке әрқайсысымызға өз шуағын төксін, жүрегіміз әрқашан жақсылыққа деген үмітке толы болсын!  Тәуелсіздігіміз баянды, аспанымыз ашық, ел-жұрт аман болсын!  Ата Заңымыз жасасын! Баршаңызға мықты денсаулық, табысты еңбек, зор бақыт тілеймін! Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Панфилов ауданының әкімі

Б. Абдулдаев

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.