Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 889
  • Week Visit: 10  680
  • Month Visit: 48  563
  • Years Visit: 538  094
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

2017 жылғы 1қаңтардан  бастап жеке тұлғалардан мүлік және жер салығын есептеу және төлеу тәртібіндегі өзгерістер туралы

Салық кодексінің 391-бабына Салық кодексінің 409-бабына енгізілген өзгерістерге байланысты жеке тұлғалардан мүлік салығын және жер салығын есептеудi мемлекеттік кірістер органдары есепті салық кезеңінен кейінгі 1 шілдесінен кешіктірмей жүргiзедi. Бұл ретте  салық бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі 1 қазанынан кешiктiрмей төленедi.

Осылайша, 2017 жыл ішіндегі  салықтар 2018 жылы есептеледі және төленеді.

Салық кодексінің 403-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес III топтағы мүгедектер меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1500 еселенген мөлшерш егіндегі (3 403 500 теңге) жеке тұлғалардан мүлікке салынатын салықты төлеуден босатылатын болады.

Салық кодексінің 404-бабының 3-тармағына ензігілген түзетулер мен    2016 жылғы 31 желтоқсаннан кейін меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу жүргізілген, бірлескен ортақ меншіктегі жылжымайтын мүліктітіркеген кезде, иелерінің келісуі бойынша таңдалған, салықты төлеу үшін жауапты тұлғаны көрсету қажет екені көрсетілген.

Салық кодексінің 661-1-бабымен мемлекеттік кірістер органдарының жеке тұлғаларға мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша есептеген салық міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтерді:

      1) салық органдарының интернет-ресурстарына орналастыру;

      2)коммуналдық қызметтерді берушілерге есептеу үшін қолданылатын құжаттарда көрсету;

      3) салық төлеушінің электрондық поштасына жолдау;

      4) салық төлеуші ұсынған ұялы телефондардың нөмірлеріне СМС-хабарламаларды жолдау арқылы ұсынады.

         Осы мақсаттар үшін Салық кодексінің 13-бабы 2-1-тармағымен толықтырылды, оған сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеушілерге өзінің телефон нөмірлері және электрондық пошта мекенжайлары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну құқығы берілді.

Панфилов ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

Жетекші маман Огузов И.О.

Пікірлер қалдыруы жабылған.