Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 238
  • Week Visit: 8  822
  • Month Visit: 46  820
  • Years Visit: 539  322
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Мұнай өнiмдерiнiң айналымы жөнiндегi декларацияларды ұсыну қағидалары

       Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдар мен өкiлдiктер) қоспағанда, мұнай өнiмдерi базасынан мұнай өнiмдерiн көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан жерi бойынша салық органына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген «Мұнай өнiмдерiн көтерме жеткiзушiлердiң мұнай өнiмдерiнiң айналымы теңгерiмi» мұнай өнiмдерiнiң айналымы жөнiндегi декларацияның нысаны бойынша мұнай өнiмдерiнiң айналымы жөнiнде декларация табыс етедi.
      Бiр салық органында тiркелген салық салуға байланысты бiрнеше объектiлерi бар мұнай өнiмдерi базасынан мұнай өнiмдерiн көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар барлық объектiлерi үшiн бiр декларация табыс етедi.
      Мұнай өнiмдерi базасынан мұнай өнiмдерiн көтерме сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның филиалдары мен бөлiмшелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген «Мұнай өнiмдерiн көтерме жеткiзушiлердiң құрылымдық бөлiмшесiнiң мұнай өнiмдерiнiң айналымы теңгерiмi» мұнай өнiмдерiнiң айналымы жөнiндегi декларацияның нысаны бойынша мұнай өнiмдерiнiң айналымы жөнiнде декларация табыс етедi.
      Мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан орны бойынша салық органына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген «Мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада сатушылардың мұнай өнiмдерiнiң айналымы теңгерiмi» мұнай өнiмдерiнiң айналымы жөнiндегi декларацияның нысаны бойынша мұнай өнiмдерiнiң айналымы жөнiнде декларация табыс етедi.
      Бiр салық органында тiркелген салық салуға байланысты бiрнеше объектiлерi бар мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар барлық объектiлерi үшiн бiр декларация табыс етедi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген «Мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзушiлердiң мұнай өнiмдерi айналымының теңгерiмi» мұнай өнiмдерiнiң айналымы жөнiндегi декларацияның нысаны бойынша мұнай өнiмдерiнiң айналымы жөнiнде декларацияны табыс ету кезiнде түзетуге, өшiруге және тазалауға жол берiлмейдi.
      Декларациялар уәкiлеттi органға ай сайын есептiден кейiнгi айдың 20 күнiне дейiн табыс етiледi.

                                                                                                                                      Бас маман Ибраимов Д.

                                                                                                       Панфилов ауданы бойынша МКБ

Пікірлер қалдыруы жабылған.