Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 217
  • Week Visit: 8  801
  • Month Visit: 46  799
  • Years Visit: 539  301
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

БАҚЫЛАУ-КАССАЛЫҚ МАШИНАЛАРЫН ҚОЛДАНУ

         Қазақстан Республикасы аумағында ақшалай есепайырымдар міндетті түрде бақылау-кассалық машиналарын қолдану арқылы жүргізіледі.

         Бақылау-кассалық машинасы аталған ақпаратты ұзақ уақыт сақтауды қамтамасыз етеді, яғни ондағы берілген сомалар  түзетуге жатпайды. Қарапайым түрде айтқанда, бақылау-кассалық машинасы – белгілі бір жүргізілген сауда операциясын немесе қолма-қол ақшамен жасалған қызмет туралы ақпаратты тіркеуді және сақтауды қамтамасыз ететін фискалды жады бар электронды аппарат.

        Ауысым кезінде кассаға ақша салу (қызметтік кіріс), сондай-ақ ауысым кезінде ақша алу (қызметтік шығыс) міндетті түрде қолма-қол ақшаны есепке алу кітабына жазылады, онда операция жүргізілген уақыты мен сомасы көрсетіледі және жауапты тұлғаның қолы қойылады.

       Қолма — қол ақшаны есепке алу кітабының нысаны 30 желтоқсан 2008 жылғы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің No 637 «Салық әкімшілігін жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген. Яғни, БКМ арқылы жүргізілген қолма-қол ақшалармен бірге, қызметті кіріс пен қызметтік шығыс қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында көрсетілуі керек. Кассадағы нақты сома қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында белгіленген сомамен сәйкес келуі тиіс.

         Салық кодексіне сәйкес қолма-қол ақша арқылы  сауда операциялары мен қызмет көрсету кезінде жүзеге асатын ақшалай есеп айырысулар міндетті түрде бақылау-кассалық машинасын пайдалану арқылы және тұтынушыға кассалық чек берумен міндеттеледі.

         Бақылау чегі-сатушы мен сатып алушының арасындағы қолма-қол есеп айырысу фактісін дәлелдейтін бақылау-кассалық машинасының алғашқы есеп құжаты.

          Қолға чек беру-міндетті талап. Қазақстан Республикасының алынған тауар мен көрсетілген қызмет үшін немесе сомасы аз көрсетілгеніне чек ұсынбауына «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңында сәйкес жауапкершілік көзделген.

Панфилов ауданы бойынша МКБ-ның

жетекші маманы: Мухамеди Е.Б.

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.