Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 234
  • Week Visit: 8  818
  • Month Visit: 46  816
  • Years Visit: 539  318
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді

орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою

Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, салық органы заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды осы Кодекстің 583-бабына сәйкес салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде салық төлеушінің мүлік, көлік құралы салықтарын, жер салығын, бірыңғай жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ету үшін жүргізеді.

Меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, уақытша өтеулі жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объектісі бар, сондай-ақ осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісін нақты иеленетін және пайдаланатын (іске қосатын) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мұндай құқықтар туындаған күннен бастап немесе аяқталмаған құрылыс объектісін нақты пайдаланған (іске қосқан) күннен бастап он жұмыс күні ішінде өзі орналасқан жердегі не салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект орналасқан жердегi салық органына салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi ұсынуға мiндеттi.

Салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органында тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi ұсыну бойынша мiндеттеме осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес заңды тұлғаның шешімі бойынша мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде танылған құрылымдық бөлімшеге де қалданылады. Өтiнiшке осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес құрылымдық бөлімшені мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы заңды тұлға шешімінің көшірмесі қоса беріледі.

Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды осы Кодекстiң 374-бабының 2-тармағына сәйкес жер салығын төлеушi деп таныған жағдайда мұндай төлеушiлер салық органына салық салу объектiсiнiң немесе салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi жер учаскесiн іс жүзінде иелену мен пайдалану құқығының туындауы негiзiнде құқық белгiлеу құжаттарының күшiне енген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органына өзінің орналасқан жері бойынша не салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жері бойынша салық органына ұсынуға мiндеттi.

Осы тармақтың ережелері, салық салу объектілеріне және салық салумен байланысты объектілерге құқықтар туындаған жағдайда дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, егер мұндай дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар бойынша тіркеу есебіне қою осы баптың 1 немесе 3-тармақтарына сәйкес мұндай құқықтар туындаған күннен бастап жүргізілсе, қолданылмайды.

Салық органы дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтерді және (немесе) осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Панфилов ауданы бойынша

МКБ бас маманы Бекмұханов Е.

Пікірлер қалдыруы жабылған.