Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 238
  • Week Visit: 8  822
  • Month Visit: 46  820
  • Years Visit: 539  322
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Салық агентінің құқықтары мен міндеттері

1.Салық агентінің, егер Салық Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеуші сияқты құқықтары бар және сондай міндеттері болады.

2.Салық агенті сондай-ақ:

– Салық Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықты дұрыс және уақтылы есептеуге;

– салық төлеушіден тиісті салықты ұстауға және оларды Салық Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде бюджетке аударуға;

– салық төлеушілерге төленген табыстардың, сондай-ақ ұсталған және бюджетке аударылған салық сомасының есебін жүргізуге, оның ішінде әрбір салық төлеуші бойынша жеке-жеке жүргізуге;

– тіркелу есебінде тұрған жері бойынша салық органына Салық Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуге міндетті.

3.Салық агенті Салық Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындайды.

                                                                                   Панфилов ауданы бойынша

                                                                                  Мемлекеттік кірістер басқармасының

                                                                                  Жетекші маманы

                                                                                  Абдыкеримова И.

Пікірлер қалдыруы жабылған.