Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 232
  • Week Visit: 8  816
  • Month Visit: 46  814
  • Years Visit: 539  316
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін мүлікті кепілге алу арқылы өзгерту тәртібі

1.Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу арқылы өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілетті салық органына кепіл шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді. Өтінішке кепіл шарты және кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі қоса беріледі.

Бұл ретте салықтар (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.

2.Салық органы салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай:

1) салық төлеушімен келісілген, салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу мерзімін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау графигін қоса бере отырып, салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;

2) салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

3.Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімде ол бойынша төлеу мерзімі өзгертілген салықтың және (немесе) өсiмпұлдардың түрі мен сомасы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендіру нөмірі және шешімнің қолданылу мерзімі көрсетіледі.

4.Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешім салық төлеуші осы тараудың ережелерін сақтамаған жағдайда қабылданады.

Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы Е. Смаилов

Пікірлер қалдыруы жабылған.