Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 491
  • Week Visit: 9  075
  • Month Visit: 47  073
  • Years Visit: 539  575
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы

«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі  Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап –   бала асырап алуды тіркеу – 1 (бір) жұмыс күні,  азаматтық хал актілер жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі –  жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі ұл (қыз) асырап алу туралы және баланың туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен ұл (қыз) асырап алу туралы қайталама куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер мен жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің – қағаз түрінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/тегін жеке тұлғаларға көрсетіледі.

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына бала асырап алуды тіркеу тегін көрсетіледі.

2) бала асырап алуды тіркегені үшін шетелдік азаматтардан 2 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес, мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.

Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін келесі құжаттарды ұсынады:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы бала асырап алу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

2) жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін);

3) бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесін;

4) баланың туу туралы куәлікті;

5) асырап алушылардың неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген жағдайлардан басқа);

6) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхаты;

7) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (шетелдіктер үшін)

8) шетелдіктің тұруға ықтиярхаты;

9) шетелдіктер жеке бастарын куәландыратын құжатпен бірге оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі мәтінінің нотариатта куәландырған аудармасын ұсынады.

Бала асырап алу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;

2) туу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – тууды тіркеу туралы анықтама;

3) бала асырап алу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – бала асырап алуды тіркеу туралы анықтама;

4) бала (қыз) асырап алуды жою немесе жарамсыз деп тану туралы соттың шешімін;

5) өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу қажеттігін растайтын құжаттарды;

6) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырған сенімхатты ұсынады.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің, «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» және «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелді) талаптарына сәйкес келмеуі;

3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісу туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы бойынша бас тартады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Бұл қызмет түрін алу үшін және осы қызметке қатысты мәліметтер бойынша Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 54 Б мекенжайға (ХҚКО ғимараты) жолығуға болады. Байланыс телефондары: 8(72831) 50501, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бас маман – Қуатова Гүлбақыт Камалқызы.

С.Теткусизова – Панфилов аудан әкімі аппараты

ұйымдастыру бөлімінің басшысы

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.