Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 887
  • Week Visit: 10  678
  • Month Visit: 48  561
  • Years Visit: 538  092
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Салық төлеушінің кабинеті

Салық төлеушінің кабинетінің көрінісі, онда атқарылатын қызметтер.

Салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істегісі келетіндер мына сілтеме бойынша ашуына болады: http://cabinet.salyk.kz/ . Аталған сайт жаңа сайт болып табылады. Бұрынғысына қарағанда түсінікті және ыңғайлы.

Жаңа сайтта есеп беттері туралы мәліметтерді көруге, жұмыс істеуге, салық есептілігн жолдауға, хабарламалар алуға, есепке және қайтаруға жататын сомаларды көруге, салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыздың бар немесе жоқтығы туралы анықтама алуға болады.

Жаңа сайтпен жұмыс істеу үшін қажетті ресурстар:

1.Сізге жоғары жылдамдықтағы интернет желісі қажет;

2.InternetExplorer 7.0 ден жоғары браузері немесе басқа браузерлер арқылы;

3.Сізде MicrosoftWindows XP, 7, 8,10 болуы тиіс;

4.Халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе кірістер органдарынан алған электрондық цифрлық қол таңба болуы тиіс.

Салық төлеушінің кабинетінде жұмыс жасауды бастау.

http://cabinet.salyk.kz/ сілтемесі арқылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлкеттік кірістер комитетінің сайтына кіріп, сайтта жұмыс істеуге қажетті ережелермен танысып, талап етілген барлық ұсыныстарды орындау қажет. Ережелер мен ұсыныстар сайтта жұмыс істеу үшін қажетті барлық қадамдарды Сізге оңтайлы түсіндіреді.

Сайтта жұмысты бастау үшін Сізге өз компьютеріңізге JavaRuntimeEnvironment (Java) және плагин орнату қажет. Осы бағдарлама арқылы электрондық қол қою жүзеге асырылады.

Салық төлеушінің кабинетінде салық нысандарын қалай толтыруға болады?

Өз профиліңізді толтырып, өзіңізге қажетті салық есептілігінің нысанын таңдай аласыз. Мұнда салық есептілігмен жұмыс істеудің бірнеше режимі қарастырылған.

Сонымен қатар, жаңа нысандар шыққан жағдайда Салық төлеушінің кабинетін жаңартудың қажеті жоқ. Барлық жаңартулар серверде жүргізіледі.

                                                                                                                                                                                                                                                                         Панфилов ауданы бойынша кірістер

басқармасы бас маман Сулейманов С.А.

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.