Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 480
  • Week Visit: 9  064
  • Month Visit: 47  062
  • Years Visit: 539  564
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне өзгерiстер енгiзу

       Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген кезде, салық төлеушi бақылау-касса машинасын есепке қойған жерi бойынша салық органына өзгерiстер туындаған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде:

өзгерген мәлiметтердi көрсете отырып, бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтiнiштi, бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасын табыс етуге міндетті.

       Мына жағдайларда:

1) тіркеу карточкасын жоғалту (бүлдіру);

2) тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтерді  өзгерту;

3)тіркеу карточкасында сәйкестендіру нөмірінің болмауы кезінде бақылау-касса машинасын есепке қойған жердегі салық органдары тіркеу карточкасын  ауыстырып береді. 

       Салық төлеуші салықтық өтінішке мына құжаттардың бірін: 

сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін,сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың түпнұсқасын көрсеткен жағдайда – оның көшірмесін қоса береді. 

  Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ауыстыру үшін салық органына табыс етілген салықтық өтінішке сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесі, оны осындай салық органына ауыстыру, не құжатқа сәйкестендіру нөмірін енгізу мақсатында басқа құжатқа қайта ресімдеу үшін табыс еткен жағдайда, қоса берілмейді. Салық органының лауазымды адамы салықтық өтiнiш салық органында қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасының өзгертілген тiркеу деректерi бар тiркеу карточкасын ресiмдейдi және салық төлеушiге бередi.    

  Бақылау-касса машинасының жаңа тіркеу карточкасы берілген кезде салық органы бұрын берген бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы салық төлеушінің бақылау-касса машинасының аталған тіркеу карточкасын жоғалту (бүлдіру) жағдайларын қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.

Бақылау-касса машинасын есептен шығару мынадай жағдайларда:

 1)сауда операцияларын емесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есепайырысу мен байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;

 2) бақылау-касса машинасын пайдаланатын жер немесе бақылау-касса машинасын сауда автоматында немесе қызмет көрсетуді төлеу термина-  лында пайдаланатын салық төлеушінің орналасқан жері өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс бақылау-касса машинасын басқ асалықорганында тіркеуді талапететін;

 3) техникалық ақауларына байланысты бақылау-  касса машинасын одан әрі қолдану мүмкін болмаған жағдаида;

 4) бақылау-касса машинасынмемлекеттіктізілімненшығарған;

 5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүргізіледі.

Панфилов ауданы бойынша МКБ-ның

жетекші маманы: Мухамеди Е.Б.

Пікірлер қалдыруы жабылған.