Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 889
  • Week Visit: 10  680
  • Month Visit: 48  563
  • Years Visit: 538  094
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

       2017 жылғы жеке табыс салығы бойынша  өзгерістер

Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 13) тармақшасынажазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша ғана емес аннуитетті сақтандыру шарттары бойынша да еңбек міндеттерін орындауына байланысты жұмысшының өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге ретіндегі сақтандыру төлемдерді жеке тұлғаның табысы ретінде қаралмайтынын көздейтін өзгерістер енгізілді;

       Салық кодексінің 155-бабының 3-тармағының 29) тармақшасында несиелер оның ішінде негізгі қарыздар, сыйақылар, комиссия мен тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелерді тоқтатудан халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының кірістеріне ЖТС салудан босату нақтыланды;

     Салық кодексінің 155-бабының 3-тармағының 29-3) тармақшасында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде:

  -сыйақыны, комиссияны, тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұл) бұрын капиталдандыру сомасы бөлігіндегі негізгі қарызды кешіру;

   -сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;

   -2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ресми бағамын қолданумен осындай соманы қайта есептеу нәтижесінде шетелдік валютада алған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыз) негізгі қарыз сомалары бойынша қарыз алушыға қойылатын талаптардың мөлшерін азайту;

   – Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы алған табысты, осындай адамға қаржы ұйымдарының сотқа берілетін талап-арыз берумен мемлекеттік баж түріндегі төлеуге байланысты алынған кіріс түріндегі жеке тұлғаның кірістеріне ЖТС салудан босату белгіленген

   Осы тармақтың ережелері 01.07.2016 жылдан бастап 01.01.2027 жылға дейін уақытша сипатта болады. Бұл ретте, ұқсас редакцияда, сондай-ақ 01.01.2015 жылдан 01.07.2016 жылға дейін қолданыста болған Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 29-1) тармақшасында ретроспективті қаралған.

    Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 24) тармақшасындағы «басқа жерге» сөзі алынып тасталды, онда жұмысшыны оқуға, біліктілігін көтеруге жіберу кезінде, басқа жерге ғана емес, бір әкімшілік-аумақтың бірлігінің шеңберінде, қызметтік іссапарды рәсімдемей жүзеге асырылуы мүмкін; Салық кодексінің 67, 162, 364-баптарында Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысанын (200.00 нысан) азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларациямен (210.00 нысан) біріктіру көзделген;

   Салық кодексінің 156-бабы 2-тармағында валюта айырбасының нарықтық бағамы мүлікті өткізу бойынша мәміле жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні болып нақтыланды.

     Жалпыға бірдей декларациялау

    Бұрын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 412-V Заңымен (бұдан әрі – Жалпыға бірдей декларациялау бойынша заң) 01.01.2017 жылдан бастап Салық кодексінің 6-бөлімінің құрылымы бойынша, оның ішінде қосымша салықтық және т.б. шегерімдерді қоса алғанда, салықтық шегерімдерді қолдану тәртібі бойынша өзгерістер көзделген болатын.

     Бұдан тыс, Жалпыға бірдей декларациялау бойынша заңмен жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңімен өту көзделген:

Бірінші кезең 2017 жылдан бастап – мемлекеттік қызметкерлер, судьялар, басқарушылық және әкімшілік бейіндегі ұлттық компанияның қызметкерлері, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері;

    Бірінші кезең 2020 жылдан бастап– барлық қалған жеке тұлғалар.

   Заңмен жалпыға бірдей декларациялау бойынша Заңның 11-бабында 01.01.2020 жылдан бастап қолданылатын Жалпыға бірдей декларациялау бойынша заңды жүргізу бөлігіне өзгерістер енгізілді, яғни декларациялау мерзімін 2020 жылдан бастап бір кезеңде көшіру көзделген.

    Осыған байланысты, Жалпыға бірдей декларациялау бойынша заңда бұрын көзделген 01.01.2017 жылдан бастап қолданылатын барлық нормалар 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі. 

    201.01.2020 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялау мерзімін корреспонденттеу мақсатында, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР заңына өзгерістер енгізілген.

   Жалпыға бірдей декларациялау бойынша заңда қолма қол ақша, дебиторлық, кредиторлық берешектердің, сондай-ақ  активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін басқа да мүліктердің шегін 160-еселенген ЕТЖ-дан 500-еселенген ЕТЖ-ға дейін көтеруді көздейтін өзгерістер енгізілді.  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 272-бабы 2-2-тармағында жеке тұлғаның декларацияны уақытылы табыс етпегені немесе декларациядағы мәліметтерді толық /анық емес көрсеткені, қайталап жасағаны үшін әкімшілік айыппұл мөлшерін 30-еселенген АЕК-тен 3-еселенген АЕК-ке дейін төмендетуді көздейтін өзгерістер енгізілді.

     Халықаралық салық салу

    Салық кодексінің 219-бабы 4 және 5-тармақтарына қағаз жеткізгіште сияқты электрондық түрде де резиденттікті растайтын құжатты салық органының қабылдау және беру мүмкіндігін көздейтін халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру мақсатында резиден еместің резиденттігін растайтын электорндық құжатты енгізу бойынша түзету енгізілді.

   Салық кодексінің 219-бабына сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартты қолдану үшін резидент емес тек осы құжатты дипломатиялық (консулдық) рақымшылықпен қағаз тасығышта резиденттігін растайтын құжатты табыс етуге міндетті.

         Ақпараттарды алмасу бойынша халықаралық өзара іс-қимыл.

     2014 жылы Қазақстан Салық ісі бойынша өзара әкімшілік көмек көрсету туралы конвенцияны ратификациялады, оған 103 мемлекет, оның ішінде 19 оффшорлық юрисдикция бірікті.     

  Конвенция салықтарды төлеуден жалтаруды қоса алғанда, көлеңкелі экономикаға, көлеңкелі табыстарды жылыстыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қатысушы-елдер арасында өзаралық негізде ақпараттар алмасуды көздейді.

   Осыған байланысты, Қазақстан жоғарыда көрсетілген келісімнің ережелерін орындау үшін құқық негізді құру мақсатында салық салу саласында ақпараттарды алмасу тетіктері мен құралдарын  енгізуді көздейтін Салық, Азаматтық кодекске, банктер туралы, сақтандыру туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарға түзетулер енгізді.

Панфилов ауданы бойынша

кірістер басқармасының

Бас салық инспекторы  

Турлыбекова А.Б.

Пікірлер қалдыруы жабылған.