Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 888
  • Week Visit: 10  679
  • Month Visit: 48  562
  • Years Visit: 538  093
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

2017 жылғы Акцизделген тауарларға енгізілген өзгерістер

          Салық кодексінің 12-бабы 1-тармағы: 25-1) «қыздырылатын темекісі бар өнімдер» және 45-2) «электрондық сигартеттер» ұғымымен толықтырылды;

         Салық кодексінің 280-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына акциздердің мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен көтеруді көздейтін өзгерістер енгізілді. Осылайша, литріне 100% спиртті құрайтын алкоголь өніміне акциз (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа)2017 жылға – 2000 теңге, 2018 жылға – 2275 теңге, 2019 жылға – 2 550 теңге, 1 литр үшін сыра және сыра сусынына акциз 2017 жылға – 39 теңге, 2018 жылға – 48 теңге, 2019 жылға – 57 теңге. Бұдан тыс, темекі өніміне (фильтрлі сигареттер, фильтрсіз сигареттер, папиростар) 1000 дана үшін 2017 жылға – 6200 теңге, 2018 жылға – 7500 теңге, 2019 жылға – 8700 теңге акциздердің мөлшерлемелерін көтеру көзделген.Алкоголь өнімін экспорттау кезінде қосарланған салық салуды болдырмау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында, 80 көлемдік пайызды немесе одан жоғары алкоголь өнiмiн өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртiне акциздің нөлдік мөлшерлемесі белгіленген.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Салық кодексінің 574-бабы 4, 5, 6-тармақтарына хабарлау тәртібінде өтінішпен жекелеген қызмет түрін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды ауыстыруды көздейтін өзгеріс енгізілді.

    Салық кодексінің 574-бабы 5-1, 5-2, 5-3, 5-4, 5-6, 5-7, 5-8 және 6-тармақтарына үшінші елден алкоголь өнімін импорттаушылар үшін Қазақстан Республикасында алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау таңбаларын мақсатты пайдалану туралы міндеттерді жүргізуді көздейтін өзгерістер енгізілді. Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген міндет облыстар, републикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органнның аумақтық құрылымына ақшаны уақытша орналастыру есебінен ақшаны енгізу жолымен ғана емес, сондай-ақ импорттаушының таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің кез келгенімен:

–          банк кепілдігі;

–           кепілгерлік;

–          мүліктік кепілмен қамтамасыз етілетін болады.

       «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429-1 Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабы 10-тармағына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес өндірістік қуатты төменгі пайдалану бойынша талаптар лицензия алған (жаңартқан) тоқсанға қолданылмайды.

        «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы № 439-ІІ Заңының (бұдан әрі – Темекi өнiмдерi туралы заң) 1-тармағы 1-2) «дербес сәйкестендіру нөмір-коды» және 7) темекi өнiмдерi ұғымымен толықтылылды;

         Темекi өнiмдерi туралы заңның 11-бабы темекі өнiмдерiн өндіруді және (немесе) импорттауды жүзеге асыратын тұлғаның міндетін көздейтін 3-тармақпен толықтырылды, темекі өнімдеріне арналған ПИН-кодтарын беретін ережемен айқындалған тәртіпте өтініш береді;

      Темекi өнiмдерi туралы заңның 3-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына өзгеріс енгізілді, оған сәйкес темекi өнiмдерiнің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу фильтрлі сигареттерге ғана емес, фильтрсіз сигареттер мен папиростарға да төменгі бөлшек бағаны белгілеуді қамтиды. Бұл ретте, Темекi өнiмдерi туралы заңның 4-бабы 4-2) тармақшасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзіретімен фильтрсіз сигареттер мен папиростарға төменгі бөлшек бағаны белгілеу бөлігінде толықтырылды;

     Темекi өнiмдерi туралы заңның 3-бабы 4-2) тармақшасы толықтырылды, оған сәйкес темекi өнiмдерiнің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган темекі өнімдеріне арналған ПИН-кодтарды әзірлейді және беру тәртібін бекітеді;

     «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Мұнай өнiмдерi туралы заң) 1-бабы 4) тармақшасындағы «есепке алатын бақылау аспаптары» ұғымы өзгертілді.     Мұнай өнiмдерi туралы заң 21-бабы 4-тармағының бірінші бөлігі және 22-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде өзгеріс енгізілді, оған сәйкес мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі (мемлекеттік материалдық резервтен мұнай өнiмдерiн шығару кезінде) мұнай өнiмдерiн көтерме және бөлшектеп өткізу тізбегінде мұнайды өндірушіге, жеткізушіге және импорттаушыға теңестіріледі.

Панфилов ауданы бойынша

кірістер басқармасының

Бас салық инспекторы

Гизатов  Ж.

Пікірлер қалдыруы жабылған.