Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 892
  • Week Visit: 10  683
  • Month Visit: 48  566
  • Years Visit: 538  097
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қызметін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

  1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:

1) мыналарды:

сусындар шығаруды;

темекі бұйымдарын өндіруді;

жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

жиһаздар шығаруды;

машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.

  1. Қызметін «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруда пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:

жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлікке салынатын салықты есептеу кезіңде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

  1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметін «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

Панфилов ауданы бойынша

кірістер басқармасының

Бас салық инспекторы

Гизатов Ж.Е.

Пікірлер қалдыруы жабылған.