Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 229
  • Week Visit: 8  813
  • Month Visit: 46  811
  • Years Visit: 539  313
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

img_2707Мемлекеттік қызмет жүйесінің болашағын дамыту жолдары

12 қыркүйек күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы С.О. Нұрғисаев Панфилов ауданында жұмыс сапармен болып, ауданның мемлекеттік қызметкерлерімен семинар өткізді. Семинар Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің акт залында өтті. Семинардың негізгі тақырыбы – мемлекеттік қызмет жүйесін дамытудың нақты қадамдары, жолдары мен болашағы, Ұлт жоспары – бес институционалдық реформа 100 нақты қадам бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі мақсаттар мен міндеттер болды. Семинарды Панфилов ауданының әкімі Б.Е.Абдулдаев ашып, жүргізіп отырды.

img_2703Семинар жұмысына сот, құқық қорғау органдары мен арнаулы органдардың өкілдері қатысты. С.Нұрғисаев  өз баяндамасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 100 нақты қадам Ұлт жоспарынан туындаған мемлекеттік қызмет саласындағы реформа, оның іске асырылу барысы, сондай-ақ «А» корпусының кадр резерві, департаменттің  қызметі, мемлекеттік қызметті өткеру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, оны бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері туралы атап өтті. Семинар барысында баяндамада айтылған мәселерге қатысты слайд көрсетілді.

13 қыркүйек күні Департамент басшысы С.Нұрғисаев жұмыс жоспарына сәйкес «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының даму мәселелері» тақырыбындағы жұмыс тобының көшпелі жиынын өткізу үшін «Қорғас» ШМЫХО» АҚ болды.

Ұйымдастыру бөлімінің басшысы

 С.Теткусизова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған