Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 493
  • Week Visit: 9  077
  • Month Visit: 47  075
  • Years Visit: 539  577
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою

         Жекелеген қызмет түрлерін(әрі қарай – ЖКТ) жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюға қызметтің мынадай түрлерін:

1) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіруді;

2) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;

3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіруді;

4) алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;

5) темекі өнімдерін өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;

6) ойын бизнесін;

7) ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді;

9) көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын салықтөлеушілер жатады.

         ЖКТ  Жүзегеасыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органдарында тіркеу болып табылады.

         Лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою тиісті лицензиясы болған жағдайда лицензиясының қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге жүргізіледі.

       Көрсетілген қызмет түрлері бойынша (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда) лицензиялауға жататын ЖКТ жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі деректерінің негізінде тиісті лицензиясы болған жағдайда жүргізіледі.

       Көрсетілген ЖКТ жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілетін, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.

        Көрсетiлген хабарлама салық органына мынадай:

  • көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде – меншiк құқығын немесе мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстік объектiсiн жалға алу құқығын растайтын құжаттардың;
  • көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде – меншiк құқығын немесе мұнай өнiмдерi базасын (резервуарды), жанармай құю станциясын жалға алу құқығын растайтын құжаттардың немесе жанармай құю станциясын иеленушімен жасалған тапсырма шартына сәйкес жанармай құю станциясын иеленуші (сенім білдірілген адам) тапсырма шарты бойынша бензинді (авиациялық бензиннен басқа) және дизель отынын бөлшек сауда арқылы өткізуді оның атынан немесе өтініш берушінің (сенім білдіруші) тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын шарттың не мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу шартының;

       Салыстырып тексеру үшiн шарттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, шарттардың көшiрмелерiн нотариат куәландыруға тиіс.

       Мемлекеттік кірістер барқармасы:

1)  хабарлама берілген күннен бастап;

2) лицензиялауға жататын қызмет түрлері бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіні ЖКТ жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

      Салық төлеушіде бірнеше ойын мекемелері (стационарлық орындар) болған жағдайда тіркеу есебіне қою әрбір ойын мекемесі (стационарлық орындар) бойынша бөлек жүзеге асырылады.

      Салық төлеушіде көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бірнеше салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер болған кезде тіркеу есебіне алу әрбір салық салу объектісі және салық салуға байланысты объект бойынша бөлек жүргізіледі.

Панфилов ауданы бойынша МКБ-ның

жетекші маманы: Мухамеди Е.Б.

Пікірлер қалдыруы жабылған.