Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 481
  • Week Visit: 9  065
  • Month Visit: 47  063
  • Years Visit: 539  565
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

img_2907Мемлекеттік шекара шебінде

Панфилов ауданының әкімдігі аудан аумағында орналасқан ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдерімен Мемлекеттік шекараны күзету, тұрғындар арасында Мемлекеттік шекараны қорғауда қырағылық, белсенділік таныту жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрақты түрде тығыз байланысты жұмыс істейді. Аудан шекара аймағында орналасқандықтан қолданыстағы заңнамаларға сәйкес аудан әкімдігінің қаулысымен шекара мәселелері жөнінде үйлестіру кеңесі құрылып, оның мүшелері, жұмыс жоспары бекітілген. Үйлестіру кеңесіне аудан әкімі Б.Абдулдаев төрағалық етіп, жоспарлы отырыстарында Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жергілікті атқарушы органдардың көмегі, тұрғындар арасында шекаралық кеңістікте белгіленген режимдерді сақтауды түсіндіру, шеimg_2917кара қауіпсіздігі,  ерікті жасақшылар тобын құры және т.б.мәселелер тұрақты қаралып отырады.

Сондай-ақ шекаралық аймақта орналасқан ауылдық округтерде тұрғындармен Мемлекеттік шекарада белгіленген тәртіпті сақтау, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің іс-әрекетіне кедергі келтіретін құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу туралы жиындар жүйелі өткізіледі. Қорғас, Басқұншы, Алмалы ауылдарында тұрғындар есебінен ерікті жасақшылар тобы құрылып, жұмыс істейді.

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Шығыс» өңірлік басқармасы бастығының орынбасары, полковник Мұратбек Серікбаевпен аудан әкімдігі құрылымдық бөлімше басшыларымен, аудандық ІІБ қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуді аудан әкімі Б.Абдулдаев ашып жүргізді. Кезедсуге сондай-ақ Жаркент шекара жасағы 2091 әскери бөлімінің командирі, подполковник Р.Рамазанов қатысты.

М.Серікбаев Мimg_2924емлекеттік шекараны қорғауда қосқан үлестері үшін аудан әкімі арқылы аудан тұрғындарына алғысын білдірді. Сонымен қатар жоғары деңгейде атқарылып жатқан бірлескен жұмыстар үшін аудан әкімі Б.Абдулдаевты, аудандық ІІБ бастығы М.Жексинбаевты, аудан әкімінің орынбасары Р.Магрупованы, Жаркент қаласы әкімінің орынбасары А.Келемсейітті «ІІ-дәрежелі Шекара қызметінің үздігі» медалімен наградтады.

Аудан әкімі өз кезегінде аудан тұрғындары мен тиісті мекеме басшылар тарапынан Мемлекеттік шекараны қорғау бағытындағы бірлескен жұмыстардың әрі қарай жалғасын табатындығына сенім білдірді.

С.Теткусизова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған