Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 490
  • Week Visit: 9  074
  • Month Visit: 47  072
  • Years Visit: 539  574
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi беру тәртiбi

  1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы; салық органдары ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (осы баптың мақсаттары үшін – берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) алу үшін сұрау салуды беруге құқылы.
  2. Салық органы берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi электрондық нысанда:

1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;

2) мемлекеттік органдарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай мәліметтер беру белгіленген тұлғаларға – мұндай органның және (немесе) тұлғаның сауалы бойынша;

3) салық төлеушіге (салық агентіне) – салық төлеушінің (салық агентінің) сауалы бойынша береді.

  1. Берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер салық төлеушінің (салық агентінің) тiркеу есебiне алынған жері бойынша салық органдарында ашылған дербес шоттардың деректерi ескеріле отырып жасалады.
  2. Берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
  3. Берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер:

1) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде – мәліметтер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;

2) мемлекеттік органның және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай мәліметтер беру белгіленген тұлғаның сауалы бойынша – сауал келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.

  1. Заңды тұлға таратылған немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлғада және (немесе) филиалда (өкілдікте) берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер осы Кодекстің 37, 37-1 және 37-2-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде беріледі.
  2. Жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебіне қойылған жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуі кезінде, осындай тұлғаның берешегі жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер осы Кодекстің 5-тарауында белгіленген шарттар сақталған кезде беріледі.

Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы Сандыбаева Г.

Пікірлер қалдыруы жабылған.