Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 488
  • Week Visit: 9  072
  • Month Visit: 47  070
  • Years Visit: 539  572
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

     Баж алу объектілері

  1. Мыналардан:

1) сотқа берiлетiн талап-арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан;

2) нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені үшін;

3) азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәліктер бергені және азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәліктер бергені үшін;

4) Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдегені үшін;

4-1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдегені, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдағаны және келіскені үшін;

5) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергені, оны қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін;

6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін;

7) тұрғылықты жерін тіркегені үшін;

8) аңшы куәлiгiн (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшiн;

9) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекіре балықтардың түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергені үшін;

10) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;

11) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар бергені үшін;

11-1) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар бергені үшін;

11-2) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшін;

12) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін;

13) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;

14) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін;

15) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның осы Кодекстің 539-бабында көзделген заңдық мәні бар іс-әрекеттерді жасағаны үшін;

16) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін;

17) теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби дипломды бергені үшін;

18) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат бергені үшін мемлекеттік баж алынады.

  1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік баждың тіркелген пайыздық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мемлекеттік бажды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшері негізге алына отырып есептеледі.

Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы есептеу, талдау бөлімінің

бас маманы Сандыбаева Г.Б.

Пікірлер қалдыруы жабылған.