Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 481
  • Week Visit: 9  065
  • Month Visit: 47  063
  • Years Visit: 539  565
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

 Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті 3 сағат ішінде алуға болады

 photo_2017-09-18_16-42-34Азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туылуын тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, неке бұзуды тіркеу (ерлі-зайыптылықты) секілді қызметтерді енді 3 сағат ішінде алуға болады.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлескен пилоттық жобасы айдың басынан басталғанын естеріңізге саламыз. Бұл ретте, азаматтық хал актілерін тіркеуді тек Астананың тұрғындары ғана            № 1 Есіл аудандық бөлімнен ала алатын. Енді пилоттық жобаны Е-ХҚКО қағидаты бойынша 10 облыс және Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары пайдалана алады. Жеделдетілген режимде АХАТ бағыты бойынша қызметтерді ресімдеуге болатын ХҚКО-ның толық тізімін https://gov4c.kz/kk/2017/07/20/aza-stan-bojynsha-46-h-ko-da-tuu-turaly-ku-likti-3-sa-at-ishinde-alu-a-bolady/ алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жобаның мәні – «Е-ХҚКО» бірыңғай қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушіден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткізу.  

«Азаматтардың жеделдетілген режимде АХАТ қызметтерін алуы үшін, Астана қаласы бойынша біз Астана қ. № 1 ХҚКО бөлімінде АХАТ қызметкерлері үшін жұмыс орындарын, ал өңірлерде – «Е-ХҚКО» қағидаты бойынша АХАТ қызметкерлерінің ХҚКО бөлімдерімен бір ғимаратта орналасуын ұйымдастырдық. Енді олар логистикаға уақыт жоғалтпай, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу функцияларын сол жерде орындайтын болады», – дейді Оспанов.

Ол пилотты іске қосқан сәттен бастап жеделдетілген режимде 462 мемлекеттік қызмет берілгенін де айтып өтті, оның ішінде 428 – туу туралы куәлік, 17 – қайтыс болуды тіркеу, 17 – соттың шешімі негізінде некені бұзу.

Бұрын АХАТ бағыты бойынша бұл қызметтер мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, қайтыс болуды тіркеу – бір жұмыс күні ішінде, бала тууды тіркеу және 2008 жылдан кейін тіркелген, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркеу – 2 жұмыс күнінде жүзеге асырылған.

Сағат 17.00-ден кейін берілген өтініштер бойынша көрсетілген қызметтердің нәтижесі келесі күні сағ. 12.00-ге дейін берілетінін айта кеткен жөн.  

Жақын уақытта Е-ХҚКО қағидаты бойынша қызметтерді алуға болатын фронт-офистердің толық тізімі:

Алматы қ.

  1. Бостандық аудандық № 1 бөлімі –Алмагүл ш/а, Ходжанов к-сі, 9А
  2. Жетісу аудандық № 1 бөлімі, Құлагер ш/а, Серіков к-сі, 6А

Ақмола облысы

  1. Сандықтау аудандық бөлімі – Балкашино а., Абылайхан к-сі,119 А.
  2. Зеренді аудандық бөлімі – Зеренді а., Бейбітшілік к-сі, 52

Алматы облысы

  1. Ақсу аудандық бөлімі – Жансүгіров к., Қабанбай батыр к-сі, 20.
  2. Алакөл аудандық бөлімі – Үшарал қ., 8 наурыз к-сі, 63.
  3. Балқаш аудандық бөлімі –Бақанас а., Бижанов к-сі, 25А.
  4. Қапшағай қалалық бөлімі – Қапшағай қ.. 1 ш/а., 41
  5. Еңбекші аудандық бөлімі – Есік қ., Абай к-сі, 314 А
  6. Есіл аудандық бөлім і- Қарабұлақ к., Шестаков к-сі, 17
  7. Іле аудандық бөлімі – Өтеген Батыр к., Қуат ш/а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 23
  8. Қаратал аудандық бөлімі – Үштөбе қ., Абылай хан к-сі, 22
  9. Кербұлақ аудандық бөлімі – Сарыөзек к., Момышұлы к-сі, 1В
  10. Панфилов аудандық бөлімі – Жаркент қ., Головацкий к-сі, 51Б
  11. Райымбек аудандық бөлімі – Кеген а., Момышұлы к-сі, н/з
  12. Сарқан аудандық бөлімі – Сарқан қ., Жамбл к-сі, 44
  13. Талғар аудандық бөлімі – Талғар қ., Лермонтов ксі, 53А
  14. Талғар ауданы Текелі қ. бөлімі секторы – Текелі қ., Тәуелсіздік к-сі, 9
  15. Ұйғыр аудандық бөлімі – Чунджа а., Қасымбеков к-сі, 35

Атырау облысы

  1. Мақат аудандық бөлімі – Мақат к., С. Мукашев к-сі, 36

Шығыс Қазақстан облысы

21.Өскемен қ. № 3 бөлімі – Белинский к-сі, 37А

  1. Абай аудандық бөлімі – Қарауыл а., Құнанбай к-сі, 12
  2. Бородулиха аудандық бөлімі – Бородулиха а., Молодежная к-сі, 25
  3. Зырян аудандық бөлімі – Зырян қ. Стахановская к-сі, 39
  4. Курчатов қ. бөлімі – Тәуелсіздік к-сі, 4

Батыс Қазақстан облысы

  1. Бөкейорда аудандық бөлімі – Сайхин к. Бергалиев к-сі, 1
  2. Сырым аудандық бөлімі – Жымпиты к. Қазақстан к-сі, 11/2

Қарағанды облысы

  1. Қарағанды қ. № 2 бөлімі – Чкалов к-сі, 7
  2. Қарағанды қ. № 4 бөлімі –Архитектура көш., 8
  3. Балқаш қ. бөлімі – Бөкейхан к-сі, 20А
  4. Қаражал қ. бөлімі – Ленин к-сі, 18
  5. Қарқаралы аудандық бөлімі – Қарқаралы қ., Аубакиров к-сі, 21
  6. Нұра аудандық бөлімі – Киевка к., Сүлейменов к-сі, 2
  7. Осакаров аудандық № 1 бөлімі – Осақаров к., Пристанционная к-сі,12
  8. Саран қ. бөлімі – Жамбыл к-сі, 85/3
  9. Шахтинск қ. №1 бөлімі – Абай даңғ., 65Б

Қызылорда облысы

  1. Қызылорда қ. № 1 бөлімі – Ғ. Мұратбаев к-сі, 2Е

Маңғыстау облысы

38.Отдел Мунайлинского района – с.Мангистау,  24 квартал, строение 10/3

Павлодар облысы

  1. Ертіс аудандық бөлімі – Ертіс а. И. Байзақов к-сі, 14
  2. Качир аудандық бөлімі – Тереңкөл а., Тургенев к-сі, 85А
  3. Павлодар аудандық бөлімі – Павлодар қ., Толстой к-сі, 10
  4. Успен аудандық бөлімі – Успен а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 30
  5. Лебяжі аудандық бөлімі-Аққу а., Ташимов к-сі, 114
  6. Павлодар қ. № 2 бөлімі – Исиналиев к-сі, 24
  7. Ақсу қ. бөлімі – Ленин к-сі, 10

Солтүстік Қазақстан облысы

  1. Петропавл қ. № 2 бөлімі – Қазақстан Конституциясы к-сі, 72

 Пресс-служба некоммерческого

акционерного общества

«Правительство для граждан»

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған