Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 572
  • Week Visit: 27  184
  • Month Visit: 97  803
  • Years Visit: 701  812
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама алу

«Жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама алу» мемлекеттік қызметі «Панфилов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» МКК арқылы көрсетіледі.

            Қызмет алушыларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру келесілерді қамтиды:

  • жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан өтуге жолдама беру;
  • жұмыссыз азаматтарға қоғамдық жұмыстарға жолдама беру;
  • жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа тұру үшін жолдама беру;
  • жұмысқа орналасу үшін жолдама беру;
  • жұмыссыз азаматтарға кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан және біліктілікті арттырудан өтуге жолдама беру;
  • азаматтар мен жұмыссыздарға кәсіби бағдарлауға тегін қызмет көрсету.

Бұл қызмет түрін алу үшін төмендегі құжаттарды алып, «Панфилов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» МКК-ге жолығу қажет:

  1. Жеке басын куәландыратын құжат:
    • Қазақстан азаматтары – жеке куәліктері (паспорт);
    • шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар – Қазақстан Республикасындағы шетелдікке ықтиярхат және ішкі істер органдарында тіркелуі туралы белгі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
    • оралмандар – оралман куәлігі;
  2. Мемлекеттік қызметке жүгіну орны бойынша өкілеттік органда берілетін өтініштің толтырылған нысаны.

Қызмет көрсету нәтижесі – жұмыссыз азаматтардың кәсіби бағдарлануына жолдама беру немесе одан бас тарту туралы дәйекті жауап алу.

С.Теткусизова – аудан әкімі аппараты

ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы

Пікірлер қалдыруы жабылған.