Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 490
  • Week Visit: 9  074
  • Month Visit: 47  072
  • Years Visit: 539  574
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Мүлік салығы бойынша есептеу мен төлеу тәртібі

Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты Салық Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.

Салық Кодекстің 398-бабының 9-тармағында айқындалған тұлғалар салық сомасын әрбір объект бойынша:

салық салу объектілері сатып алу құқығынсыз тұрғынжайды ұзақ мерзімді мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша жеке тұлғаларға жалға берілген жағдайда – Салық Кодекстің 397-бабының 1-тармағына сәйкес;

салық салу объектілері сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша жеке тұлғаларға жалға берілген жағдайда – Салық Кодекстің 397-бабының 1-1-тармағына сәйкес жеке айқындалатын салық базасына Салық Кодекстің 408-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептейді.

Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша әрбір салық төлеуші үшін мүлік салығы мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық салу объектілерінің салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалған баланстық құнына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады.

Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңінің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей, салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын тең үлестермен енгізеді.

Салық төлеушінің құрылу күнінен (салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе мүліктік жалдау (жалға беру) күнінен) кейінгі кезекті мерзім Салық Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған жаңадан құрылған салық төлеушілер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер мен Салық Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берген кезде салық сомасын ағымдағы салық кезеңі үшін осы баптың 7-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.

Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, келіп түскен күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған, келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-іне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен айқындалады. Ағымдағы төлемдер көбейтілуі тиіс сома осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдер бойынша тең үлестермен бөлінеді, бұл ретте салық салу объектілері келіп түскен күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, ағымдағы төлемдер салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, шығып қалған салық салу объектілерінің құнының 1/13-іне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен айқындалатын сомаға азайтылады.

Бұл ретте мыналар:

келіп түскен күнге бухгалтерлік есеп деректері бойынша бастапқы құны – ағымдағы салық кезеңінде келіп түскен салық салу объектілері бойынша;

салық кезеңі басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құны – басқа салық салу объектілері бойынша шығып қалған салық салу объектілерінің құны болып табылады.

Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдерді төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі үшін декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, мүлік салығын есептеу бойынша түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және оны төлейді.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мүлік салығын төлейді.

Салық Кодекстің 395-бабы 7-тармағы 2) тармақшасының негізінде салық төлеуші болып табылатын тұлға үшін тiркелмеген салық салу объектiсіне құқықтар берілген жағдайда салық сомасы:

беруші тарап үшiн – осындай салық салу объектісін нақты иеленген және (немесе) пайдаланған (іске қосқан) айдың бірінші күнінен бастап осындай объект қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берілген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін;

қабылдаушы тарап үшiн – осындай объекті қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берiлген айдың бiрiншi күнінен басталған кезең үшін есептеледі.

                                                                                                  Бас маман Ибраимов Д.

                                                                                                  Панфилов ауданы бойынша МКБ

Пікірлер қалдыруы жабылған.