Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 889
  • Week Visit: 10  680
  • Month Visit: 48  563
  • Years Visit: 538  094
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы

       «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары  көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

     Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап, порталға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қатыстырудан дәлелді жазбаша бас тарту береді.

      Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі бекітілген жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасы (бұдан әрі бұйрық) не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      3) жерге орналастыру жобасы;

      4) мұнай және газды кейiн сақтау және көлiктiң басқа түрлеріне аударып тией отырып, магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға байланысты, мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнің құрылысы үшiн жер учаскесі сұралған жағдайда Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу туралы құжат;

      Порталға -мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш, жерге орналастыру жобасының электрондық көшірмесі, мұнай және газды кейiн сақтауға және көлiктiң басқа түрлеріне аударып тией отырып, магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға байланысты, мұнай-газ көлігі инфрақұрылымы объектiлерiнің құрылысы үшiн жер учаскесі сұралған жағдайда, Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу туралы құжаттың электрондық көшірмесі.

       Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы болып табылады.

Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы – С.Теткусизова

Пікірлер қалдыруы жабылған.