Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 487
  • Week Visit: 9  071
  • Month Visit: 47  069
  • Years Visit: 539  571
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы

      «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі. Стандарты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығымен бекітілген.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
      3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, www.elicense.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
       Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
       Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспорт (бұдан әрі – паспорт).  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық түрінде. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мемлекеттік қызметті беруші басшысының мөрімен және қол қоюымен куәландырылады. Мемлекеттік қызмет занды және жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
     Көрсетілетін қызметті алушы (немесе құқығы бар тұлғаның келіп қол қоюы, өкілетті заңды тұлға, нотариат куәландырған жеке тұлға сенімхаты негізінде) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш;
      түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы орналасқан жері көрсетілген сұрау салу;
      түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі.

Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы – С.Теткусизова

Пікірлер қалдыруы жабылған.