Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  411
  • Week Visit: 9  417
  • Month Visit: 43  099
  • Years Visit: 560  541
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын беру

  1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын бір салық органынан басқа салық органына беру мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1) мыналар:

жеке тұлғаның тұрғылықты (болу) жері;

мыналардың:

дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың;

резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің;

Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның;

Салық Кодекстің 191-бабының 5-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын тәуелді агенттің;

Салық Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын бейрезиденттің орналасқан жері өзгерген кезде жүргізіледі.

Салық тармақшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттарын беру Салық Кодекстің 563-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша;

2) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;

2-1) бейрезидент заңды тұлға корпоративтік табыс салығын төлеу және ол бойынша декларация табыс ету тәртібіне осы бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемелердің тобы бойынша жинақталып, оның тұрақты мекемелерінің бірі арқылы ауысқан кезде – Салық Кодекстің 200-бабының 1-тармағында көзделген хабарлама негізінде;

3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін есептік тіркеуден шығарған кезде – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде жүргізіледі.

  1. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын бір салық органынан басқа салық органына беруді осы баптың 1-тармағында көзделген дербес шотты беру үшін негіздер туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
  2. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шоттарын құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) тіркеу есебіне алынған орны бойынша салық органына беру:

1) біріккен, қосылған кезде – беру актісі негізінде;

2) бөлінген, бөлініп шыққан кезде – бөліну балансы негізінде жүргізіледі.

Заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шотын беру салықтық тексеру аяқталған соң және тексеру нәтижелері қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шотында көрсетілгеннен кейін жүргізіледі.

  1. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің дербес шотын беру тіркеу есебіне алынған орны бойынша салық органына Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
  2. Дербес шот, оны беретін салық органында – ағымдағы жылдың басынан басталатын кезең үшін оның жабылған күніне дейін, сондай-ақ алдыңғы бес жыл үшін беріледі.
  3. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты берілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттерін орындауға байланысты құжаттары дербес шот берілген салық органына қағаз жеткізгіште беріледі.

                                                                                                              Панфилов ауданы бойынша

                                                                                                              Мемлекеттік кірістер басқармасы

                                                                                                              Абдыкеримова И.Е.

Пікірлер қалдыруы жабылған.