Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 28
  • Week Visit: 13  460
  • Month Visit: 54  887
  • Years Visit: 420  205
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Салық органдарының міндеттері мен жүйесі

  1. Салық органдарының міндеттері:

1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;

2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – міндетті зейнетақы жарналары) есептеудің, ұстап қалудың және аударудың, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі – әлеуметтік аударымдар) есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;

2-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары) есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу;

4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

  1. Қазақстан Республикасының салық органдары өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік кіріс органдары (бұдан әрі – салық органдары) болып табылады.

Салық органдарының жүйесі уәкілетті органнан және уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары, аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелерінен, сондай-ақ ауданаралық аумақтық бөлімшелерінен тұрады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда, осы аймақтардың аумағында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері құрылуы мүмкін.

Салық органдарының уәкілетті орган бекіткен кодтары бар.

  1. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық органына сатылы тұрғыда тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
  2. Уәкілетті орган салық органдарына басшылықты жүзеге асырады.
  3. Салық органдарының рәмiзi болады. Салық органдары рәмiзiнiң сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін уәкiлеттi орган бекiтедi.

                                                                                              Панфилов ауданы бойынша

                                                                                              МКБ жетекші маманы

                                                                                              И.Абдыкеримова

Пікірлер қалдыруы жабылған.