Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 25
  • Week Visit: 13  457
  • Month Visit: 54  884
  • Years Visit: 420  202
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Салық органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Автомобиль жолдарын

басқару жөніндегі ұлттық оператормен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы

  1. Салық органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірлескен бақылау шараларын әзірлейді және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
  2. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық органдарына жәрдемдесуге міндетті.
  3. 3. Салық органдары мен жергілікті атқарушы органдар салық жинауды жүзеге асыру бойынша салық Кодекстің 23-бабында белгіленген тәртіппен бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды.
  4. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді алу және олар бойынша мәліметтер табыс ету жөніндегі өкілеттіктері Салық Кодекстің ерекше бөлігінде айқындалады.
  5. 5. Салық органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.
  6. Салық органдары салықтық тексеру барысында тексерілетін салық төлеушіге қатысты еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды алу жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен өзара іс-қимыл жасайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мұндай қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген тәртіппен табыс етеді.

6-1. Салық органдары өндірушілердің заңды мекенжайларын, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын өндірушілер бойынша ақпарат ұсынады.

                                                                                                              Панфилов ауданы бойынщша

                                                                                                              МКБ жетекші маманы

                                                                                                              И.Абдыкеримова

Пікірлер қалдыруы жабылған.