Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 25
  • Week Visit: 13  457
  • Month Visit: 54  884
  • Years Visit: 420  202
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)

Сіз МӘМС жүйесін енгізу туралы не білесіз?

Қазақстанда ағымдағы жылдың шілде айынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өз жұмысын бастайды. Біздегі медициналық сақтандыру үлгісінің негізгі қағидаттары: ынтымақтастық, жаппай қамту және  әділеттілік, қаражат жинау кезінде – «әркімнен төлем қабілетіне қарай», ал медициналық көмек алуда  «әркімге қажетіне қарай».

Аталған жүйе жинақтаушы жүйе емес, және қаражатты дербестендіре бөлу қарастырылмаған.  Ортақ қаржыландыру  – бұл ай сайын Медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер, жұмыскерлер, өзін-өзі қамтитын азаматтар және негізгі әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар үшін негізгі төлеуші ретінде мемлекет тарапынан түсетін жарналар мен аударымдар.

Тұрғындар 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы медициналық көмек ала бастайды. МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін анықтау үшін өзінің ЖСН ұсыну жеткілікті.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына кімдер жарна төлемейді?

Бұл, олар үшін мемлекет жарна төлейтін, әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың 14 санаты:

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар;

7) Зейнетақы алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;

9) тергеу изоляторларындағы адамдар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар (1 жыл бойы);

11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;

12) мүгедектер;

13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуды аяқтаған айдан кейінгі күнтізбелік үш айдың ішінде оқуын аяқтаған  адамдар.

Сонымен бірге, әскери адамдар, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері, құқыққорғау органдарының қызметкерлері Медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылған, бірақ оларға ведомстволық желідегі мекемелерде медициналық қызмет көрсетіле береді.

Медициналық сақтандыру қорына кім, қанша төлейді?

жұмыс берушілер аударымдары: 1% – 2017 жылдың шілде айынан бастап, 1,5% – 2018 жылдан, 2% – 2020 жылдан, 3% – 2022 жылдан;

жұмыскерлер жарналары: 1% – 2019 жылдан,  2% – 2020 жылдан;

жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, келісімшарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар жарналары – табыстан, бірақ  2 ЕТЖК  5%-нан кем емес, 2017 жылдың шілде айынан бастап (ай сайын 2445 теңге);

жұмыс күші құрамына кірмейтін (белсенді емес тұрғындар) адамдардың жарна мөлшерлері  – 1 ЕТЖК  5% 2018 жылдың қаңтар айынан бастап (ай сайын 1414 теңге);

мемлекет әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар санаты үшін аударатын болады: 3,75% – 2018 жылдың қаңтар айынан бастап,   4% – 2019 жылдан, 4-5 %  – 2022 жылдан;

дипломатиялық және соған теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында тіркеуден (аккредитация) өткен шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінде   жұмыс істейтіндер  2017 жылдың 1 шілдесінен аударылған табысының 5 пайызын;

 – халықаралық және мемлекеттік ұйымдарда, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарда мен қорларда (халықаралық келісімшарттарға сәйкес салық агенттері болып табылмайтын) жұмыс істейтін тұлғаларға келсек, олар да 2017 жылдың 1 шілдесінен табысының 5 пайызын;

Қазақстан азаматтары ҚР аумағынан сыртқа, шетелге шыққан жағдайда, егер ол тұрғылықты өмір сүруге кетпеген болса, 2018 жылдың 1 қаңтарынан төменгі айлық жалақының 5 пайызы мөлшерінде (1414 теңге) жарна төлейді.

  • Аударымдар/жарналар есептеу үшін, ай сайынғы табыс 15 еселенген төменгі жалақы мөлшерінен аспауы тиіс.
  • Барлық жарналар келесі есептік-табыс төленетін айдың 25-не дейін аударылуы тиіс.

 

 МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмек алады?

  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек – амбулаториялық жағдайда және күндізгі стационарда көрсетілетін емханалар қызметі, оның ішіне аурудың алдын алу, диагностикалық зерттеу, емдеу, жүктілік ағымын бақылау, медициналық манипуляция, т.б;
  • Арнайы және жоғары технологиялық медициналық көмекке арнайы тәсілдер мен күрделі медициналық технологияларды қажет ететін аурулардың алдын алу, диагностикалық зерттеу, емдеу кіреді;
  • Жоспарлы медициналық көмек емделуші сырқаттанған және оның өміріне қауіп төндірмейтін жағдайларда ауруханаларда көрсетіледі;
  • Сырқатына қарай бекітілген тізімдемеге сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
  • Мейіргерлік күтім – ауыр сырқат салдарынан, өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігінен айырылған, ұдайы сырттан күтім мен қарауға мұқтаж жандарға көмек көрсету;
  • Паллиативтік көмек – емделмейтін, өміріне қауіп төндіретін және ауыр өтетін аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасы мен жалпы жағдайын барынша жайлы етуге арналған медициналық және әлеуметтік көмек.

           Мемлекет  ТЕГІН медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:

  • Жедел жәрдем және санитарлық авиация;
  • Әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде (онкологиялық аурулар, туберкулез, қант диабеті, психиатриялық және т.б.) және шұғыл түрде көрсетілетін медициналық көмек;
  • Профилактикалық егулер.

Панфилов ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

бас маман Ибраева М.

Пікірлер қалдыруы жабылған.