Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 22
  • Week Visit: 13  454
  • Month Visit: 54  881
  • Years Visit: 420  199
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Салықты есептеу, ұстау және төлеу

    Жеке табыс салығын есептеуді салық агенті төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша, салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізеді.

    Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агенті төлем көзінен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді.

  Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген табыстар бойынша жеке табыс салығын аударуды табыс төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей өзiнің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.

Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерiнiң табыстары бойынша жеке табыс салығын аудару құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жері бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.

Заңды тұлға өз шешімімен оның құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өзінің құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық агенті деп тануға құқылы.

Бұл ретте заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсаннан бастап күшіне енеді.

Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше салық агенті деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсананнан кейінгі тоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша салық агенттері деп танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаты үшін әлеуметтік салықты дербес төлеушілер болып танылады.

   Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстардан салықты есептеуді және ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті жүргізеді.

   Оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеу мерзімдері осы Кодекстің 438 және 446-баптарында белгіленген.

Панфилов ауданы бойынша МКБ

бас маманы  Гизатов Ж.

Пікірлер қалдыруы жабылған.