Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 27
  • Week Visit: 13  459
  • Month Visit: 54  886
  • Years Visit: 420  204
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қоныс тойы тойланды

нуркнет 3 нуркент 2 (2) нуркент 1 IMG_4214

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Естебекұлы Байжанов Пенжім ауылында салынған 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің тұрғындарына пәтер кілттерін табыс етті. Аталған нысан Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту (2015-2016 жылдары облыстық бюджеттен 830,0 млн.теңге бөлініп, игерілді) және «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламалары (2017 жылы толығымен пайдалануға беру үшін облыстық бюджеттен 42,9 млн.теңге бөлініп, игерілді) аясында салынды. Құрылыс жұмыстары мердігер ұйым «New Construction» ЖШС жүргізді. Құрылыс 2015 жылдың 28 қыркүйегінде басталып,  2017 жылы аяқталды. Тұрғын үйлердің – 120 пәтердің жалпы алаңы – 6,3 мың шаршы метр. Тапсырыс беруші – «Панфилов ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Жаңа қоныс иелерін Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Е.Байжанов құттықтағаннан кейін қоныс иелері, зейнеткер Ж.Райымбекова, Панфилов  облыстық жетім және ата-ана қомқорлығынан айырылған балаларға арналған көмекші мектеп-интернатында тәрбиеленген А.Соловьева халықтың әлжуаз топтары болып табылатын мүгедектерге, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға, көп балалы отбасыларына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлық үшін өздерінің және жаңа қоныс иелерінің атынан алғыс айтып, жаңа баспанаға қол жеткізген қуаныш иелерін бүгінгі шаттыққа толған күнмен құттықтады.

Ақ бата беріліп, жаңа үйдің лентасын салтанатты түрде қиғаннан кейін Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Е.Байжанов, аудан әкімі Б.Абдулдаев, аудандық мәслихат хатшысы Е.Шоқпаров, ауданның бас имамы Ұ.Сарпеков және салтанатты шараға қатысқан қонақтар көп балалы отбасы Үміт Бекболаеваның шаңырағындағы дастарханнан дәмін татып, ақжарма тілектерін білдірді. Мереке соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары шараға қатысушы қонақтар мен қоныс иелерін қуаныш пен шаттыққа толы концерттік бағдарламаларын тарту етті.

Коммуналдық тұрғын үйден кезек бойынша пәтер берілгенде халықтың әлжуаз топтарының барлық санаты – көп балалы, мүгедек бала асырап отырған және толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері,  жиырма тоғыз жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар қамтылды.

Теткусизова С.М.

Пікірлер қалдыруы жабылған.