Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  454
  • Week Visit: 27  694
  • Month Visit: 151  995
  • Years Visit: 804  312
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын сақтау

         Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы Ұлт жоспары – 100 нақты қадам бағдарламасындағы 1 Президенттік реформасының 12 қадамында «Жаңа этикалық ережелерді енгізу.  Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу» туралы белгіленген.

         Деректерге сәйкес Ұлттық Жоспардың 12 қадамымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы қабылданды және

         -Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары);

         – Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілді.

            Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі 5 бөлімнен тұрады:     

  1. Жалпы ережелер                                                                                
  2. Мінез-құлықтың жалпы стандарттары                                                  
  3. Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары                               
  4. Қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары                    
  5. Көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары.

Және жеке әдеп жөнiндегi уәкiл туралы қағидалары жазылған. Мысалы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятындығы белгіленіп көрсетілген.  Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.     Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс.                                                           

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы«  Қазақстан Республикасының заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді. Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.  

Осы кодекс мемлекеттік қызметкердің қызметтен тыс уақытта өзін қалай ұстауы, көпшілік алдында қалай сөйлеуі, жұмыстағы әріптестерімен өзін қалай ұстауы керек екендігі, сонымен қатар мемлекеттік қызметкер өз қызметінде неге жол бермеу керек екендігі туралы нақты ашып айтылған.       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлермен қызметтік әдепті бұзу, осы Заңмен белгіленген тәртіптік жазаға әкеп соғады.

Осылайша, Әдеп кодексінің талаптарын бұзған жағдайда, мемлекеттік қызметкерлерге заңмен белгіленген тәртіптік жаза қолданылады.

Панфилов ауданы бойынша МКБ жетекші маман Огузов И.О.

Пікірлер қалдыруы жабылған.