Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Көлік құралдарына салынатын салық бойынша

қарызды қалай тексеруге болады?

     Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушінің мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады. Оған орай салық төлеуші салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді  төлеуге міндетті.

     Салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы осы салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе талап қоюмен сотқа жүгінеді.

     Бүгінгі күнде Жамбыл облысы бойынша 2114 жуық көлік иелері  көлік салығынан  жалпы 45,1 млн теңгеден аса берешек сомаларына төлем жасамай отыр.

     Берешек сомаларды өндіру мақсатында облыстың мемлекеттік кірістер органдарымен  сотқа 2000 мыңнан аса тарап арыздар жолданды,  сот орындаушыларына 1920 мыңнан аса атқару құжаттары жолданды.

     Сот орындаушыларымен 217 борышкерлердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды, 23 жеке тұлғалардың айлық-жалақылары мен басқа да кірістерінен өндіру жүргізілді, 412 жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға тыйым салынды.

     Ары қарай барлық  борышкерлерге қатысты Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға тыйым салынды, жүргізуші куәліктері  уақытша тоқтату жүргізіледі.

     Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға тыйым салуға және басқа да келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер  Департаменті көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек сомаларын тексеріп отыруды  және төлеуді шақырады.

     Берешек соманың бар/жоқтығын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің www.kgd.gov.kz   ресми сайтында  «Электрондық сервистер/Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер»  тарауында тексеруге болады.

Сонымен қатар,  www.egov.kz  «электронды Үкімет» порталының   «Салықтар және қаржылар»   тарауында  «Салық берешегін қарау және төлеу» сервисінде қарауға болады.

         Сонымен қатар, Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, мекенжайымыз Жаркент қаласы, Масанчи көшесі 17А.

Панфилов ауданы бойынша МКБ жетекші маман Огузов.И.О.

Пікірлер қалдыруы жабылған.