Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 538
  • Week Visit: 23  759
  • Month Visit: 111  048
  • Years Visit: 862  845
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Салық мөлшерлемелері

  1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салық 11 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі.
  2. Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар өзi үшiн – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде және әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштің бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салықты есептейді.

      Осы тармақтың ережесі:

      1) салық төлеушінің осы Кодекстің 73-бабына сәйкес салық есептілігін табыс етуін уақытша тоқтата тұруы кезеңінде салық төлеушіге;

      2) арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерге;

      3) осы баптың 3-1-тармағында аталған салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.

  1. Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстiң 135-бабы3-тармағының шарттарына сәйкес 4,5 пайыз мөлшерлеме бойынша әлеуметтiк салықты есептейді.

      3-1. Тек қана осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көзделген қызметті жүзеге асыратын, жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер әлеуметтік салықты 6,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.

  1. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшін әлеуметтiк салық мөлшерлемелері осы Кодекстiң 445-бабында белгiленген.
  2. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салық мөлшерлемелері осы Кодекстің 61-тарауында белгіленген.

    Панфилов  ауданы бойынша МКБ 

    Бас маман  Гизатов Ж

Пікірлер қалдыруы жабылған.