Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 586
  • Week Visit: 12  445
  • Month Visit: 46  028
  • Years Visit: 578  420
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік функцияларды орындайтын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың жеке өздері немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз жолмен алуы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алуы.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу заманауи бәсекелі жағдайларда мемлекеттің сәтті дамуы үшін сөзсіз басымдық болып саналады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісінің қоғам мүдделеріне орасан зор шығын келтіруімен және кез келген елдің экономикалық өсуін ұстап тұратын факторға айналуымен түсіндіріледі.

Бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесі негізінен оның салдарымен күрес жүргізуге бағытталып, кінәлі адамдарға қатысты жаза қолданудан көрінген болатын. Қазір еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына елеулі түзетулер енгізілуде. Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда оның алдын алуға, сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуда мемлекет пен қоғамның күш біріктіруіне баса назар аударыла бастады.   

Осы бағыттағы іс-шаралар кешені 2014 жылғы желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көзделген. Стратегияның негізгі бағыттары: мемлекеттік қызмет саласында, квазимемлекеттік және жеке меншік секторларда, соттар мен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау, қоғамдық бақылау институтын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

2015 жылғы сәуірде сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі алдағы үш жылға арналған шаралар айқындалған Үкіметтің осы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспары бекітілді.

«100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру мақсатында Елбасымыз кәсіптік мемлекеттік аппарат құру және сыбайлас жемқорлықты барынша азайту сияқты басымдықтарды негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындаған.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі кешенді тәсіл «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Жалпыға бірдей декларациялау туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», «Ақпараттандыру туралы» сияқты бірқатар заңнамалық актілердің, сондай-ақ Кәсіпкерлік және Әдептілік кодекстерінің бір мезгілде қабылдануының арқасында қамтамасыз етілгені аса маңызды.

Панфилов  ауданы бойынша МКБ 

    Бас маман  Ниязахунова Г

Пікірлер қалдыруы жабылған.