Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  382
  • Week Visit: 14  049
  • Month Visit: 67  734
  • Years Visit: 490  222
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсымінез-құлқы

Мемлекеттік қызметкерлер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Ел басы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына жақтаушы болып, дайекті түрде өмірде жүргізуге тиісті. Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды стратегиялық басымдылығынның бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер болып табылады. Сыбайлас жемқолықпен қарсы күресуді барлық мемелекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалар жүргізуі міндетті.

Егер мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.

Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштерді жолдау арқылы шаралар қабылдауға міндетті.

Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшінің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын қудалаудан қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

Мемлекеттік қызметшілер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс.

Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айып тағылған кезде ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің ұдайы міндеті және барлық қоғамның қамы, ал мемлекеттік органдарда қызмет ету әрбір азаматқа мақтанышы, ынталандырмасы және үлгісі болу тиісті.

Панфилов  ауданы бойынша МКБ 

    Бас маман  Турлыбекова А

Пікірлер қалдыруы жабылған.