Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан  мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Бір жыл бұрын еліміздің президенті Назарбаев Н.А. 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария етті. Басты мақсаты- Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.

           Нарықты экономика мен мемлекеттiң салық саясатының негiзгi мақсаты бюджеттiң кіріс бөлiгiн қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. Ал салық саясатының басты мақсаты–салық жүйесiн құру және оның тиiмді қызмет етуiне мүмкiндiк беретiн салық тетігін iске асыру.

Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады.

         Президент өз баяндамасында Салық саясатына қатысты өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу объектілері үшін қолайлы салық режімін енгізу қажетілігін атап өтті.  Қазіргі таңда бұл жұмыс басталды. Оны жетілдіру мақсатын қоямын. Барлық қолданыстағы салық жеңілдіктеріне ревизия жүргізіп, оларды мейілінше тиімді ету керектігін баяндады.

         Біз салық әкімшілігін ырықтандыру және кеден әкімшілігін жүйелендіру саясатын жалғастыруға тиіспіз. Салық есептілігін жеңілдетіп әрі мейлінше азайту қажет. Біз нарық қатысушыларын салықтан жалтару жолдарын іздеуге емес, бәсекелестікке ынталандыруымыз қажет.

         Салықтық қадағалауды прагматикалық азайту шаруашылық субъектілерінің салық қызметімен диалогын азайтуға тиіс. Алдағы бес жылда бәріміз онлайн-электрондық есептілік режіміне көшуіміз керек.

         2020 жылдан бастап біз салықтық несиелендіру практикасын енгізуіміз керек. Басты міндет – кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру.

         Жаңа салық саясаты әлеуметтік бағыт алуға тиіс. Бұл үшін 2015 жылдан бастап ынталандыру шаралары кешенін, соның ішінде білім беруге, өзін, өз отбасын, қызметкерлерін медициналық сақтандыруға қаражат салатын азаматтар мен компанияларды салықтан босату практикасын көздейтін ынталандыру кешенін әзірлеу қажет.

         Осылайша, бизнес деңгейіндегі болашақ салық саясаты ішкі өсімді ынталандыруы және сыртқы нарықтарға отандық экспортты, ал азаматтар деңгейінде олардың қорларын, жинақтарын және салымдарын ынталандыруға тиіс.

                                                                  Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасының есеп

бөлімінің басшысы Сураншиева Э.Д.

Пікірлер қалдыруы жабылған.