Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 64
  • Week Visit: 11  758
  • Month Visit: 46  149
  • Years Visit: 579  241
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру,  сондай-ақ артық төленген соманы қайтару

  1. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша құқыққа сыйымсыз салынған айыппұлдың күшін жою немесе мөлшерін азайту салдарынан оның төленген сомасын қайтару уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша салықтық өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – айыппұл сомасын қайтаруға өтініш) негізінде жүргізіледі.

      Айыппұл сомасын қайтаруға өтінішке айыппұлдың заңсыз салынғаны салдарынан оның күшін жоюды немесе көлемін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот актісі немесе салық қызметінің жоғары тұрған органының (лауазымды адамның) шешімі қоса берілуге тиіс.

  1. Айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті салық төлеуші қайтаруға жататын айыппұл сомасы есептеулі тұратын жеке шоты бойынша салық органына ұсынады.
  2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына айыппұл сомасын қайтаруға өтініш ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
  3. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау мақсатында айыппұлды төлеу кезінде артық төленген соманы қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.

                                                                                  Панфилов ауданы бойынша мемлекттік

кірістер басқармасының бас маманы Сандыбаева Г.Б.

Пікірлер қалдыруы жабылған.