Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданының әкімі Б. Абдулдаевтың  1желтоқсан – Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған құттықтауы

Құрметті жерлестер! Қадірменді қонақтар!

15035626_366127967071305_17131885809369088_n1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні халықтық мейрам.  Қазақстанның атағы бүгінгі таңда бүкіл айдай әлемге белгілі. Ал, мұндай жетістік, мұндай табыс Республикамыздың Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен өте тығыз байланысты. 

Қасиетті Тәуелсіздік алған уақыт ішінде  егеменді еліміз талай-талай сындарлы кезеңді бастан кешті. Олардың барлығынан абыроймен өтіп, қиындыққа төтеп беріп, алға озды. Тәуелсіз мемлекет құрып, оны қалыптастырды. Президентіміздің парасаттылығы, көрегендігі арқасында алға жылжыды. Ұлт көшбасшысы жыл басында халыққа кезекті Жолдауы арқылы Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Сондай-ақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы арқылы еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.

Тұңғыш Президентіміздің төл туындысы – Астана жас мемлекеттің жарқын келбетті қаласы ғана емес, әлем елдерін аузына қаратқан киелі ордаға айналды. Тұрақтылықтың тұғырына, діни және азаматтық келісімнің мекені болды. «ЭКСПО – 2017» көрмесі жоғары деңгейде өткізіліп, халықаралық шараға 115 мемлекет пен 22 ұйым қатысып, ауқымды жоба ел экономикасына оң әсерін тигізді және шамамен 50 000 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

Жалпы, Ел мен Елбасы  ұғымын бөліп қарауға болмайды. Өйткені, бүкіл дүние Қазақстанды Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев арқылы таныды, Президент арқылы бағалады.  Біз, қазақстандықтар, Тұңғыш Президентіміздің   өрлік  пен ерлікке толы  өмірінен  сабақ  алып, оны кейінгі ұрпақтың ұғына білуіне барынша күш салуымыз керек. Бұл мерейі мол мерекенің  астарында  осындай  ордалы ой,  үлкен мағына жатыр.

Ардақты ағайын!

«Көргені жақсы көш бастар» деген  сөз бар.  Ендеше, Елбасымыздың сындарлы саясатын қолдап, өркениеттің өріне алға баса   берейік!   Тәуелсіз   еліміз  қуатты, тірлігіміз шуақты болсын!

 Елін сүйген, елі сенген Елбасымыз аман болсын! Көк туымыз көкте желбіреп, Тәуелсіздігіміз мәңгілік жасай берсін!       

Мереке құтты болсын, қадірменді жерлестер!

Құрметпен,

Панфилов ауданының әкімі Б.Абдулдаев

Пікірлер қалдыруы жабылған.