Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзімдері мен тәртібі
Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығын төлеуді орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеуді тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізеді.
Салық Кодексінің 141-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді бюджетке Салық Кодексінің 148-бабында белгіленген салық кезеңі ішінде, Салық Кодексінің 141-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде әр айдың 25-інен кешіктірмей, әрбір ай үшiн енгізуге міндетті.
Салық кезеңі ішінде бюджетке енгізілген аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.
Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемді декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
Бас маман Сайрамбеков О.
Панфилов ауданы бойынша МКБ