Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 57
  • Week Visit: 11  751
  • Month Visit: 46  142
  • Years Visit: 579  234
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою

Салық кодексінің 577 бабына сәйкес, салық органы заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді салық салу объектісінің және салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды Салық кодекстің 583-бабына сәйкес салық салу объектiлерін және салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде салық төлеушінің мүлік, көлік құралы салықтарын, жер салығын, бірыңғай жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ету үшін жүргізеді.

 Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды Салық Кодекстiң 374-бабының 2-тармағына сәйкес жер салығын төлеушi деп таныған жағдайда мұндай төлеушiлер салық органына салық салу объектiсiнiң немесе салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi жер учаскесiн іс жүзінде иелену мен пайдалану құқығының туындауы негiзiнде құқық белгiлеу құжаттарының күшiне енген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органына өзінің орналасқан жері бойынша не салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жері бойынша салық органына ұсынуға мiндеттi. Осы тармақтың ережелері, салық салу объектілеріне және салық салумен байланысты объектілерге құқықтар туындаған жағдайда дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, егер мұндай дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар бойынша тіркеу есебіне қою, мұндай құқықтар туындаған күннен бастап жүргізілсе, қолданылмайды.

Пікірлер қалдыруы жабылған.