Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 704
  • Week Visit: 7  176
  • Month Visit: 37  304
  • Years Visit: 447  818
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу

Қазақстан Республикасы «Кәсіпкерлік туралы» кодексінің 35-бабына   сәйкес міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын  жеке кәсіпкерлер мынандай шарттардың біріне жауап берулері тиіс:

1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін  тұрақты түрде пайдаланатын;

2) жеке кәсіпкерлікпен Қазақстан Республикасыының заңдарында жеке тұлғалар үшін белгіленген жылдық жиынтық кірістің салық салынбайтын мөлшерінен жоғары мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық кірісі бар жеке тұлғалар жатады, яғни 12-еселік АЖМ – 293 508 теңге.

            Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өту үшін жергілікті жерде орналасқан мемлекеттік кіріс органына немесе халыққа қызмет ету Орталығы арқылы (әрі қарай – ХҚО) іске асырылады және төмендегі құжаттар тасырады:

  1. Салық өтініші
  2. Жеке кәсіпкер орналасқан мекенжай туралы құжат.

Мемлекеттік тіркеуден өту үшін ақы төленбейді.

            Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өту үшін жеке тұлға кәсіпкерліктің орналасқан жерін, жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтыны туралы анықтама тапсырады (мысалы: мүлікті жалға алғаны туралы келісім-шарт).

            Тіркеу мекемесі құжаттарды ұсынған мезгілден бастап бір жұмыс күні шегінде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеуге алуы немесе тіркеуден бас тартуы тиіс.

            ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 269 бабына  сәйкес мемлекеттік кіріс органына кәсіпкерлікті тіркеу туралы хабарламаны тапсырудың мерзімдерін бұзғаны үшін ескерту жасалады, ал бір жыл шегінде осы құқық бұзушылықтың қайталанғаны үшін жеке тұлғаға 8-айлық көрсеткіш мөлшерінде, яғни 18152 теңге айыппұл салынады.

Жеке кәсіпкер өтінішінде салық режимін міндетті түрде көрсетуі қажет.

            Жеке кәсіпкер өз бетімен төменде көрсетілген салық салу, оны төлеу және салық есебін тапсыру бойынша тек бір ғана режимді таңдай алады:

  1. Жалпы белгіленген тәртіп
  2. Патент негізінде арнайы салық режимі
  3. Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі
  4. Шаруа және фермерлік шаруашылықтарға арналған арнайы салық режимі

            Бұл ретте арнайы салық режимдері жеке кәсіпкерлер үшін табыс көзінен (жалдамалы жұмысшылардан) алынатын салықтан басқа әлеуметтік салық, жеке табыс салығын есептеудің және төлеудің режимін белгілейді. Басқа салықтар (қызметкерлердің табысынан алынатын жеке табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы, көлік салығы және басқа да салық түрлері, төлемдері мен алымдары) салық Кодексіндегі  белгілеген тәртіп бойынша есептеледі және төленеді.

            Төменде көрсетілген  қызмет түрлерін іске асыратын жеке кәсіпкерлер арнайы салық режимін қолдануға құқылы  емес:

  1. Акциздік тауар өндірушілер
  2. Акциздік тауарларды сақтау және көтерме саудамен сатушылар
  3. Мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін: бензин, дизельдік отын мен мазут сатушылар
  4. Лотерея ойындарын ұйымдастыру мен өткізушілер (мемлекеттік (ұлттық) лотерея ойындарынан басқа)
  5. Жер қойнауын пайдаланушылар
  6. Шыны ыдыстарты жинау және және қабылдаушылар
  7. Түсті және қара металдар сынығын қабылдау, сақтау, қайта өңдеуден өткізу мен сатушылар
  8. Консультацилық (кеңес беру) қызметтері
  9. Бухгалтерлік есеп және аудит саласы бойынша қызмет істеушілер
  10. Қаржылық және сақтандыру (страхование) брокерінің, сақтандыру агентінің делдалдық қызметі
  11. Құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметтері

Патент негізінде арнайы салық режимі

            Патент негізіндегі арнайы салық режимі келесі шарттарға сәйкес жеке кәсіпкерлер қолдана алады:

  1. Жұмысшылар қызметін қолданбайды
  2. Қызметін жеке бастың кәсіпкерлігі ретінде қолданады
  3. Шекті табыс күнтізбелік қаржылық жылдың 1 қаңтарында қолданыстағы есепке сәйкес 300-еселенген АЖТМ-нен аспайтын болса (2017 жылы бұл сома 7 337700 теңге).

            Патент негізінде арнайы салық режимін қоодану үшін тұрғылықты мекенжайда орналасқан салық органына патент құнының есебі тапсырылады (911.00 нысан)

            Патент құнына енгізілген жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың сомасын есептеу, салық салу объектісінің 2 пайыз ставкасы бойынша жүргізіледі. Есептелген салық сомасы бюджетке келесі түрлер бойынша төленуі тиіс:

  1. Жеке табыс салығы – есептелген соманы ½ бөлігі мөлшерінде
  2. Әлеуметтік салық – әлеуметтік алымдарды есептемегенде соманың ½ бөлігі мөлшерінде.

Әлеуметтік алымдардың сомасы әлеуметтік салық сомасынан артса, ол жағдайда әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

            Жеке кәсіпкер салық органына есептіліктерін тапсырған күннің келесі бір жұмыс күні шегінде салық органы патентті салық органының ақпараттық жүйесіне енгізіп, ақпарат қалыптастырады.

Жеке кәсіпкер табыс сомасы артып (300 АҚ) , талаптарға  сәйкессіздік  туындаған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде жергілікті жердегі салық органына  жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режиміне өту туралы хабарлама тапсыруы міндетті.

Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі (ОД)

Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін (АСР, ЖД негізінде) жеке кәсіпкерлер төмендегі шарттар  бойынша қолдануына болады:

  1. Салық кезеңініде жеке кәсіпкер өзін қосқанда жұмысшылар саны 25 адамның шегінде
  2. Шекті табыс күнтізбелік салық кезеңінің (жартыжылдықта) қаржылық жылдың 1 қаңтарында қолданыстағы есепке сәйкес 1400-еселенген АЖТМ болғанда (2017 жылы бұл сома 34242600 теңге).

            Жаңадан ұйымдасқан жеке кәсіпкерліктік  оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимінің басталған күні –  жеке кәсіпкердің салық органында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен басталады.

            Оңайлатылған  декларация негізінде арнайы салық режимі бойынша салық есептіліігі кезеңі аралығында салық объектісіне 3 пайыз мөлшерді қолдана отырып жеке кәсіпкер өзі есептейді.

            Салық кезеңі жартыжылдық болып есептеледі. Салық есебін 910.00 нысан бойынша екі мерзімде тапсырады: ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша 15-тамыздан кешіктірілмей, жылдың екінші жартыжылдығы бойынша келесі жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей тапсырылады. 

Есептелген салықтар мен алымдарды тиісінше 25 тамыздан және келесі жылдың 25 ақпанынан кешіктірілмей төленуі қажет.

Бұл ретте      жеке табыс салығы (ЖТС) есептелген салық сомасының ½ мөлшерінде, әлеуметтік салық есептелген сомадан әлеуметтік алымдардың сомасын шегергенде ½ мөлшерде төленуі керек.

Әлеуметтік  алымдардың сомасы әлеуметтік салық сомасынан артып кеткенде ЖК үшін нөлге тең болады.

Жалпы белгіленген тәртіп бойынша салық салу

 Бұл салық режимі патент және оңайлатылған салық  декларациясы режиміне қарағанда  жеңілдеу, себебі онда табыс сомасы мен жұмысшы санына шектеу қойылмаған.

            Бұдан басқа осы салық режимі жалгерлік, электр энергиясы, коммуналдық қызмет үшін төлемдерді, жалгер жұмысшылардың жалақысы және басқа да төлемдерді төлейтін жеке кәсіпкер үшін тиімді, ал бұл шарттар арнайы салық режимі және оңтайландырылған декларация режимінде есепке алынбайды.

Бұл жағдайда жеке кәсіпкер салық сомасын салық кезеңі бойынша өз бетінше есептейді. Салық сомасы шыққан шығындар мен ҚР салық Кодексінің 178 бабы 4 тармағына сәйкес  өткен жылдардың шығын сомаларының  келесі мерзімге ауысуына байланысты  азайтылып,  жеке кәсіпкердің   кірісіне  10 пайыз ставкасын қолдана отырып есептеледі.

Салық кодексінің негізінде жалпы белгіленген тәртіп бойынша жұмыс атқаратын жеке кәсіпкер өзі үшін 20-айлық есеп көрсеткіші, ал әрьір жалдамалы  жұмысшы үшін 1-айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  әлеуметтік салық есептейді, бұл ретте салық  салу кірістің  бар немесе жоқтығына тәуелді емес.

Кәсіпкерлік қызмет тоқтатылғанда әлеуметтік салық төленбейді.

Жеке кәсіпкер 220.00 нысаны бойынша декларацияны жергілікті тіркелген салық органына есептік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан , ал  жеке табыс салығы 10 сәуірден  кешіктірілмей төленуі қажет.

Патент және оңтайланған декларация  бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкердің артықшылықтары

Бухгалтерлік есеп ке алу және қаржылық есептілік туралы заңға сәйкес жеке кәсіпкер бухгалтерлік есепті (бастапқы құжаттарды дайындау және сақтау жұмыстарынан басқа) және төменде айтылатын шарттарға сәйкес қаржылық есептілікті жүргізбеуге құқылы:

  1. Салық заңдылықтарына сәйкес патент негізінде арнайысалық режимін, оңайлатылған декларация режимін қолданса;
  2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеуде тұрмаса;
  3. Табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілері болмаса;

Мұндай кәсіпкерлер  бухгалтерлік есептіліктер орнына оңайлатылған салық есебін жүргізуіне болады және ол салық Кодексінің 60-1, 60-2, 60-3 баптарында және жеке кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен жұмысын жүргізу туралы Ережеде және осы аталған заңдылықтардың негізінде қабылданған ҚР Қаржы министрінің 2013 жылғы 15 наурызындағы № 137 бұйрығында  09.04.2016 жылғы  жағдай бойынша өзгертулер мен толықтыруларда айқындалған.

Сонымен бірге, егер жеке кәсіпкер қосылған құн салығын төлеуші болса, он ол қаржылық есептіліктің Ұлттық стандартына сәйкес (ҚЕҰС) бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті.

Панфилов ауданы бойынша

                                                                             Мемлекеттік кірістер басқармасы

                                                                          бас маман Ибраева М.

Пікірлер қалдыруы жабылған.