Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде

салық міндеттемені орындау

Көзделген декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген жеке тұлғаның мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруі кезінде осындай декларацияны жасау және табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін осы жеке тұлға орындайды.

 Заңды тұлға, дара кәсіпкер сенімгерлік операциялар бойынша банктен алған табысы бойынша, сондай-ақ заңды және жеке тұлға мүлікті бейрезидент болып табылатын сенімгерлікпен басқарушыға сенімгерлікпен басқаруға берген кезде салық міндеттемесін дербес орындайды.

 Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның салық агенті болып табылатын банк жүзеге асыратын сенімгерлік операциялардан түскен табысы бойынша салық міндеттемесін осындай банк салық агентінің міндеттерін орындау түрінде орындайды.

Егер мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шарты бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген сенімгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлiкпен басқару құрылтайшысының салық мiндеттемесiн орындау толығымен сенімгерлiкпен басқарушыға жүктелген болса, сенімгерлiкпен басқару құрылтайшысының дара кәсiпкер ретiнде тiркелмеуге құқығы бар.

                                                                                   Жетекші маман

 Е. Мухамеди

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Пікірлер қалдыруы жабылған.