Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұру

тәртібіне енгізілген өзгерістер

                2017 жылдың 1 мамырынан бастап қосылған құн салығы (бұдан әрі-ҚҚС) тіркеу есебіне тұруға мынадай тәсілдердің бірімен:

1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беру арқылы;

2) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде резидент заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беру кезінде салық органы Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының бірінші басшысын, дара кәсіпкерді суретке түсіру тәртібі таратылды. Алайда, өзгерістерді енгізгенге дейін, енгізгеннен кейін өзге де жағдайларға қарамастан, салықтық өтінішті Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы қызмет атқарып жатқан бейрезиденттің бірінші басшысымен, дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша беріледі және жоғарыда айтылған салықтық өтінішті салық төлеушінің өкілетті тұлғаның сенімхатпен ұсынуы көзделмеген.

         Салық органы салық төлеушінің салықтық өтінішті берген күннен бастап бір жұмыс күн ішінде қосылған құн салығына салық төлеуші ретінде тіркейді.

          Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 571 бабының 4 тармағының 7 тармақшасына сәйкес, тіркеу есебіне қою уақытында жүргізілген күнтізбелік жылда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған тұлғада айналым мөлшерінің ең төмен айналымнан асып кетуі жағдайда, осы баптың 4 тармағы 7 тармақшасы таратылды.

                                                                                                   Е. Мухамеди

жетекші  маман

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Пікірлер қалдыруы жабылған.