Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  916
  • Week Visit: 34  637
  • Month Visit: 161  978
  • Years Visit: 806  801
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктер және шегерімдер туралы (ЖТС)

           ҚР салық кодексінің 163 б. 1 т. сәйкес төлем көздерінен  Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156 б. көзделген түзетулер ескеріле отырып, жұмыс беруші қызметкердің есебіне жазған, салық салуға жататын табыстары мен осы Кодекстің 166 б. көзделген салық шегерімдерінің сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

           Жеке тұлғаның салық агентінен алған, төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156 б.  көзделген түзетулер ескеріле отырып, жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы ретінде айқындалады.

       Мысалы, соның ішінде осындай табысқа жеке тұлғалардың кейбір дәрежесін жатқызуға болады, 75 еселік мөлшеріндегі минималды еңбек ақының жылдық табысына салық салуынан босату ұсынылады (МЕК) – Ұлы Отан соғысы ардагері және соған теңестірілген тұлғалар болып табылады;

Ұлы Отан соғысы жылдары жігерлі қызметі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ССРО одағының орденімен және медальімен марапатталған, тұлғалар;

1941 ж. 22 маусым және 1945 ж. 9 мамыр дейін алты айдан артық жұмыс істеген (әскерде болған) және  Ұлы Отан соғысы жылдары жігерлі қызметі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ССРО одағының орденімен және медальімен марапатталмаған, тұлғалар; I, II, III топ мүгедектері; мүгедек-бала;

Әрбір осындай тұлғалар үшін осындай тұлғаларға он сегіз жасқа толғанға дейін; ата-анасының бірі, қамқоршы, тұлғаның қамқоршысы, «бала кезден мүгедек» себебі бойынша мүгедек деп танылған, – осындай тұлғаның өмір бойы осындай әрбір тұлға үшін; ұл балана асырап алушының бірі (қыз баланы асырап алушы) – осындай әрбір тұлға үшін асырап алынған ұл бала (қыз бала) он сегізге толғанға дейін;

Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын анықтау кезiнде төлемдердің кезеңділігіне қарамастан, күнтізбелік жыл iшiндегi әрбiр ай үшiн мынадай салық шегерімдері қолданылады:
     1) 1 минималды жалақы мөлшерінің жалпы сомасынан аспауға тиіс;
     2) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мөлшердегі мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы;
     3) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жарналарының сомасы;
     4) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықақыларының (егер шартта сақтандыру сыйлықақыларын бөліп төлеу көзделген жағдайда – мерзімдік сақтандыру жарналарының) сомасы;
     5) тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар;
     6) 8 мөлшерде және шарттарда медициналық қызметтерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар.

Главный специалист УГД по

Панфиловскому району Смаилов Е.

Пікірлер қалдыруы жабылған.