Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  917
  • Week Visit: 34  638
  • Month Visit: 161  979
  • Years Visit: 806  802
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданының әкімі Б.Е.Абдулдаевтың 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған құттықтауы

Картинки по запросу поздравление акима с днем независимости Ардақты ағайын!

Қадірменді қауым!

Баршаңызды егеменді еліміздегі ең қастерлі мереке 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ежелден еркіндік сүйгіш халқымыз үшін Тәуелсіздіктен артық тәу етуге татитын баға жетпес құндылық жоқ екені белгілі.   Бұл күн – бостандық үшін бабаларымыз төккен өлшеусіз қан мен толағай тердің өтеуі қайтып, Ұлы  даланың азат аспанында алғаш көк байрағымыз желбіреген күн! Бұл күн – жомарт жүрегіне күн қонақтап, қыран ұя салған жасампаз жұртымыз екі ғасырдың тоғысында егеменді ел құрып, өз тағдырын өзі шешуге тәуекел еткен тарихи күн!

Өздеріңізге белгілі, қасиетті Отанымыз Қазақстанның дербес ел атанып, жарқын болашаққа беталғанына биыл 26 жыл толып отыр. Бұл тарих тұрғысынан қас қағым сәт болғанымен қазіргі  жаһандану жағдайында тұтас дәуірге татитын уақыт екені анық. Елеулі оқиғаларға толы осынау жылдар ішінде, күрделі кезеңдерді бастан өткерген еңселі еліміз, биік белестерді бағындырып, жарқын жетістіктерге қол жеткізді.  

Бүгінде тыныштық пен татулықтың ордасы, бейбітшіліктің белдеуі ретінде бағаланып, экономикасы қарыштап дамыған Қазақстанды  бүкіл дүние таныды. «Мәңгілік Ел» құру сынды ұлы мұратты орындауға талпынып, тәуекел еткен жас мемлекетіміз әлемдік қауымдастықтағы әлеуеті жоғары алпауыт елдердің сенімді әріптесіне айналды.

Бейбіт жарыста бәсекеге қабілеттілігімен көзге түсіп, тұрақты дамудың жаңа белесіне көтерілді. Қазір ұлан-байтақ Отанымыздың қай түкпіріне барсақ та, ынтымағы жарасып, ырысы шалқыған елді, күн сайын гүлденіп-көркейген жерді көреміз. Бұл әрине Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген басшылығының арқасында қолға келген Қазақстан халқының ортақ жеңісі мен жетістігі болып табалады.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дейді халық даналығы.Елбасымыз ұлтымыздың ғана емес, тұтас адамзат тарихында есімі алтын әріптермен жазылатын әлемдік тұлға десек артық айтпаған болар едік

Құрметті жерлестер!

Ел экономикасының қарыштап дамуы мерейлі мекеніміз жазиралы Жаркенттің де көркейіп, құлашын кең жаюына тың серпін берді. Сіздердің жұдырықтай жұмылып атқарған жемісті жұмыстарыңыз бен төккен терлеріңіздің арқасында ауданымыздың әлеуеті жылдан жылға артуда.

Аталарымызда «Ырыс алды ынтымақ» деген аталы сөз бар. Бір қолдың саласындай біріге отырып ерінбей еңбек етсек көздеген мақсатымызға қол жеткізетіндігіміз анық.

Тұғырлы Тәуелсіздікпен бірге басымызға қонған осы бақытымыз баянды болғай!

Осынау мерейлі сәтте баршаларыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға ортаймас береке, еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Еліміз қуатты, ұл-қызымыз мұратты, әр күніміз шуақты, қоғамымыз тұрақты болсын, ағайын!

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған