Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 708
  • Week Visit: 7  180
  • Month Visit: 37  308
  • Years Visit: 447  822
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданының жаңа әкімі тағайындалды

облыс әкімі 1 ҚР Президенті Әкімшілігімен келісіле отырып, аудандық мәслихаттың келісімімен Алматы облысы әкімінің өкімі негізінде Панфилов ауданының әкімі болып Бектасов Темірлан Амангелдіұлы тағайындалды. Жаңа әкімді активке Алматы облысының әкімі Амандық Баталов таныстырды.

Бектасов Темірлан Амангелдіұлы 1969 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1987 жылы Қаскелең ауданының Қайнар ауданындағы В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық ғылыми ауылшаруашылық академиясының Шығыс бөлімі Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты агрохимия зертханасының  жұмысшысы ретінде бастаған. 1993 жылдың мамыр-қараша айларында Қаскелең ауданы Бірінші май ауылы Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Бірінші май тәжірибе шаруашылығы «Строитель» кооперативінің техникалық бақылау инженері, 1993-2000 жылдары Қаскелең аудандық Жергілікті әкімшілік сәулет және құрылыс комитеті Сәулеттендіру және жүйелеу басқармасының бірінші дәрежелі технигі, 2000-2005 жылдары «Қарасай аудандық өндрістік-жобалау архитектуралық-бейнелеу бюросы» МҚК Қаскелең қалалық округі бойынша ІІ дәрежелі инженері, Қаскелең қаласы бойынша сәулет және құрылыс жөніндегі бөлімнің меңгерушісі, 2005-2007 жылдары «Қарасай ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ «Сәулет» МКК директорының орынбасары, 2007 жылдың ақпан-қараша айларында Жамбыл ауданы әкімі аппараты аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімі бастығының м.а., бөлім бастығы, 2007-2009 жылдары Қарасай ауданы әкімі аппараты аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бастығы, 2009-2010 жылдары Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының  бастығы, 2011 жылдың қыркүйек-қараша айларында Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің м.а., округ әкімі, 2011-2013 жылдары Алматы облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, бастығы, 2013-2017 жылдары аралығында Алматы облыстық құрылыс басқармасының басшысы қызметтерінде болды.

Өңір басшысы А.Баталов жаңа тағайындалға әкімнің алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, кезек күттірмейтін маңызды мәселелермен қатар агроөнеркәсіп кешенін, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту сияқты келелі мәселелерді де бақылауда ұстап, халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша Елбасының алға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру қажеттігін айтып өтті.

Актив барысында облыс әкімі Амандық Баталов зейнеткерлік жасқа жеткен Панфилов ауданының бұрынғы басшысы Бердәулет Абдулдаевқа Құрмет грамотасын табыстап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан өзіндік үлесі үшін алғысын білдірді.

С.Теткусизова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған