Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 6  085
  • Week Visit: 38  806
  • Month Visit: 166  147
  • Years Visit: 810  970
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Кеден шекарасы арқылы кедендік баж төлемін төлемей өткізілетін  өз жеке басына қолданатын тауарлардың тізімдемесі

            Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Жеке тұлғалардың  өз жеке басына қолданатын Кедендік одақ аймағының кедендік шекарасы арқылы  өткізілетін тауарларының критерийлері (өлшемдері) туралы»  2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына өзгерістер енгізілді,  яғни осы бұйрыққа сәйкес жеке басына қолданатын тауардың сипаттамасы мен сандық көрсеткішіне және Кедендік аймақтың кеден шекарасынанжүктерді алып өтудің жиілігіне сәйкес төмендегідей, егер:

1.Саны төмендегі көрсеткіштен аспайтын болса:

  • Теріден тігілген бұйымдар (оның ішінде бас киім) – бір адамға тігісі мен өлшемі 1 (бір) дана;
  • Ұялы телефон – 1 адамға 2 (екі) дана;
  • Планшет – 1 адамға 2 (екі) дана;
  • Алып жүруге болатын компьютерлер мен оларға қосымшалар (ноутбук, нетбук) – 1 адамға 1 (бір) дана;
  • Қымбат әшекей бұйымдар – 1 адамға 5 (бес) дана;
  • Велосипед – 1 адамға 1 (бір) дана;
  • Бала арбасы – 1 адамға 1 (бір) дана.
  1. Кедендік аймақтың кеден шекарасынан жүктерді алып өтудің жиілігі жеке тұлғалар үшін айына 1 (бір) реттен аспайды.

Кедендік аймақтың кеден шекарасынан қандайда бір тәсілмен алып өтілген жеке басына пайдаланатын автокөлік құралдары жылына 1 данадан асатын болса, ондай көлік құралдары  кәсіпкерлік қызметке жатқызылады.

Жоғарыдағы көрсеткіштер қолданыста болған тауарлар үшін (жеке басқа пайдаланатын көлік құралдарынан басқа) қолданылмайды.

Жоғарыда көрсетілген критерийлерге (өлшемдерге) сәйкес келмеген жағдайда кедендік баж бірыңғай ставкаға сәйкес тауар құнының 30 пайызы, немесе заттың 1 килограмдық салмағы үшін 4 евро алынады.

Енгізілген  бұйрықтың негізінде  төсек жаймаларына,  кілемдер мен басқа текстильдік еден төсеніштеріне, бас киімдер, аяқкиімдер, теріден тігілген бұйымдарға, жеке бас күтіміне арналған заттарға, парфюмерлік-косметикалық бұйымдарға,  тағам өнімдеріне, тұрмыстық техника мен электр  тауарларына шектеу алынады.

Жер үсті көліктерімен кедендік баж салығын төлемей жеке басына қолданатын тауарлардың сомасы 1500 евродан және салмағы 50 килограмнан аспауын еске сақтау қажет.

Жеке тұлғаның кедендік шекарадан өту жиілігі 1 айда 1 реттен аспауы керек.

Панфилов ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

бас маман Ибраева М.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған