Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 68
  • Week Visit: 11  762
  • Month Visit: 46  153
  • Years Visit: 579  245
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Салық агентінен жеке тұлғаның кірісіне салық салу тәртібі

Салық кодексінің 19 бабында табыс көзіне салынатын  салықтар түрі айқындалған және оларға салық агентінен түскен жеке тұлғаның кірісі де жатады.

Жеке тұлғаның салық агентінен түскен кірісіне не жатады?

Салық салуға жеке тұлғаның салық агентінен түскен кірісіне жататындар:

  1. Қазақстан Республикасы заңнамаларының негізінде азаматтық-құқықтық келісім-шарттарға сәйкес салық агенті мен жеке тұлғаның кірістері
  2. Жеке тұлғаға төленген төлемдер, оның ішінде:

–   салық агентінің  жеке тұлғаға  немесе  үшінші бір тұлғаларға төлеген тауар құны, атқарылған қызметтің төлемі, жеке тұлғаның үшінші тұлғалардан алған төлемақылары

–   қарызын өтеу, қарызды кешіру үшін немесе қайтарымсыз негізде атқарылған жұмыс, көрсетілген  қызметтер

– келісім шарттарының өзгеруіне байланысты , өсімдерді есептемегенде, борышкердің қарыз мөлшерін кеміту

Салық агентінен жеке тұлғаның  кірісіне төмендегі жағдайлар жатпайды:

1.Салық кодексінің 177 бабында айқындалған салық салынбайтын табыс көзінен түскен кірістер, бұлар – мүлік салығы, жеке кәсіпкердің кірісі, жеке нотариустардың кірісі, жеке  сот орындаушылардың кірісі, адвокаттардың, кәсіпқой медиаторлардың кірістері; басқа да кірістер.

  1. Жеке тұлғадан сатып алған мүлік үшін төлемдер.
  2. Салық кодексінің 160 бабы 1) және 3)-6) тармақтарында көрсетілген кірістер, бұл қызметкердің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан алған төлемақылары, дивидендтер, сыйақы, ұтыстар, шәкіртақы түріндегі кірістер және жинақтаушы сақтандыру қоры келісім-шарттары бойынша кірістер.

Салық кодексінің 12 бабында салық агентіне – бұлар жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушы, адвокат, кәсіпқой медиатор, заңды тұлғалар, оның ішінде  Салық кодексінің талаптарына сәйкес табыс көзінен ұсталатын және салықтарды есептеу және бюджетке төлеу міндеттемелері жүктелген  резидент емес заңды тұлғалар жатады.

Бұл ретте Салық кодексінің 169 бабына сәйкес табыс көзінен алынатын табыс салығының сомасы  салық агентінен жеке тұлғаның  кірісіне  10 пайыздық ставка қолдана отырып есептеледі.

Салық  агентінің жеке тұлғаның  табыс көзінен алынған кірісі  жеке тұлғаның салық агентінен кірісі ретінде есептеледі және  Салық кодексінің 156 бабында  қаралған  түзетулерді есепке ала отырып, осы аталған кірістер салық салу объектісіне жатқызылады. Сондықтан, жеке тұлғаның  салық агентінен кірісі  табыс көзіне салынатын кіріс болып есептеледі және салық агенттеріне жеке тұлғаның кірістеріне табыс көзінен алынатын жеке табыс салығын есептеу және бюджетке төлеу міндеттемелері жүктеледі.

Жеке тұлғаның  салық міндеттемелері жайында

Қазақстан Республикасының  29.10.2015 жылғы  № 375-V «ҚР Кәсіпкерлік кодексінің» 35 бабы 2 тармағына сәйкес міндетті мемлекеттік тіркеуге төменде аталған  шарттарға жауап беретін жеке кәсіпкерлер жатқызылады:

1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін  тұрақты түрде пайдаланады;

2) жеке кәсіпкерлікпен Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшін белгіленген жылдық жиынтық кірістің салық салынбайтын мөлшерінен жоғары мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық кірісі бар жеке тұлғалар.

        Салық кодексінің 157 бабына сәйкес  жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуге алу  үшін салық салынбайтын  табыс салығының  мөлшері күнтізбелік жылда жеке тұлға үшін республикалық бюджет туралы заңда бекітілген және қаржылық жылдың 1-қаңтары кезеңіне күші бар  12-еселік төменгі жалақы мөлшерін құрайды (2017 жылы – 293508 теңге).

        Сонымен қатар, Кәсіпкерлік кодексінің 35 бабы 3 тармағына сәйкес жалдамалы жұмыс күшін тұрақты пайдаланбаса  және ҚР салық заңнамаларына сәйкес төменде көрсетілген  кірістері бойынша жеке тұлға жеке кәсіпкер  ретінде мемлекеттік тіркеуден өтпеуге құқылы:

  1. табыс көзіне салынатын салықтар
  2. мүліктік кіріс
  3. басқа да кірістер

        Осыған байланысты жалдамалы жұмыс күшін тұрақты пайдаланбаған, табыс көзінен  алынған кірістері бар, жасалған мәмілелердің құнына енбейтін, табыс көзінен табыс салығы кірістері бар  жеке тұлға  жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтпей кәсіпкерлік қызметін жасауға құқылы.

                                                                            Панфилов ауданы бойынша

                                                                             Мемлекеттік кірістер басқармасы

                                                                          бас маман Ибраева М.

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.