Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  917
  • Week Visit: 34  638
  • Month Visit: 161  979
  • Years Visit: 806  802
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

                ЖЕР ҮСТІ КӨЗДЕРІНІҢ СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН

. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) жер үсті көздерінен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлері үшін алынады.

Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат беру құжатының негізінде жүзеге асырылады.

Ресімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.

Су пайдаланудың арнаулы түрлері Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленеді.

Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өңірлік органдары өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей табыс етеді.

Төлемақы төлеушілер

Мынадай:

1) жер үсті көздерінен және теңіз суларынан механикалық және өзі ағып жатқан суды алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып;

2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;

3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;

5) су көлігі мұқтаждары үшін жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – бастапқы су пайдаланушылар) төлемақы төлеушілер болып табылады.

Салық салу объектілері

  1. Мыналар салық салу объектілері болып табылады:

1) мыналарды:

бөгеттерге және басқа да тірек гидротехникалық және су реттеуші құрылғыларға шоғырландырылатын су көлемін;

ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын арналарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететін, су шаруашылығы жүйелерінің жобалық деректері негізінде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган растаған су шығындарын;

су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекіткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемін;

су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган растаған суару жүйелеріне мәжбүрлі түрде су жинау көлемін қоспағанда, жер үсті су көзінен алынған судың көлемі;

2) өндірілген электр энергиясының көлемі;

3) су көлігімен тасымалдау көлемі;

  1. Төлемақы кеме тіркемесінсіз сүректі ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға қолданылмайды.

Панфилов ауданы бойынша

МКБ бас маманы Бекмұханов Е.

Пікірлер қалдыруы жабылған.