Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 707
  • Week Visit: 7  179
  • Month Visit: 37  307
  • Years Visit: 447  821
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жеке тасымалдаумен айналысатын тұлға, ЖК ретінде тіркелу тиіс

Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары мен жол полициясы органдарының қатысуымен жеке тасымалдаумен айналысатын тұлғаларды дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою туралы профилактикалық іс-шаралардың өткізілетіндігін хабарлайды.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 565-бабына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркеу хабарлау тәртібімен жүргізіледі.

Жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелу үшін мемлекеттік кіріс органына жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғандығы туралы белгіленген нысан бойынша хабарлайды.  Хабарламаны электронды түрде «Электрондық үкіметтің»  веб-портал арқылы немесе қағаз тасығышта келу тәртібімен  тапсыруға болады.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін мемлекеттік алым алынбайды.

Дара кәсіпкердің көрсетілген табысына қарай ай сайынғы салық патент бойынша 2017 жылы-2% (екі пайызға), ал 2018 жылға қарай 1% (бір пайызы) құрайды.

Құрметті автокөлік иелері, Сіздер жеке тасымалдаумен айналысатын болсаңыздар ерікті түрде мемлекеттік кірістер органдарына дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне тұруларыңызды сұраймыз. Бұдан әрі жол полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шараларда заңсыз адам тасымалдаумен  айналысқан тұлғаларға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы іс-құжаттары сот қарауына жолданатындығын ескертеміз.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463 бабына сәйкес тиісті тіркеусіз кәсіпкерлікпен айналысып әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін жеке тұлғаларға 15 АЕК              (34 035 теңге), сондай-ақ осы әрекетті бір жылда қайталанып жасаған жағдайда -30 АЕК (68 070 теңге) заттарын тәркілей отырып және (немесе) құралдарын тәркілій отырып әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Құрметті жолаушылар, қауіпсіздік мақсатында арнайы «Такси» белгілері бар тек арнайы бөлінген орындарда такси қызметін көрсететін көліктерді пайдалануға кеңес береміз.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге тұруға кеңес алу үшін аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуіңізге болады.

 Заңды тұлғаларды әкімшілендіру

 бөлімінің басшысы Абдрахманова Г.

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.