Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 701
  • Week Visit: 7  173
  • Month Visit: 37  301
  • Years Visit: 447  815
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Басқа да міндетті төлемдер

    Алым төлеушілер аукциондар (аукцион) өткізілген есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, өзі орналасқан жердегі салық органдарына алым жөніндегі декларацияны табыс етеді.

    Аукцион ұйымдастырушылар тоқсан ішінде өткізілген аукциондар бойынша тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзі орналасқан жердегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс етеді.

Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ мүлiк салығы бойынша салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін салық салу объектілері орналасқан және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерi бойынша дара кәсiпкерлерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын ұсынады.

Төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің 20 ақпанынан кешіктірмей табыс етеді. Салық кезеңі басталғаннан кейін өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.

Бірінші салық кезеңінде ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабымен бірге жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі табыс етіледі. Одан кейінгі кезеңдерде шарттың нотариат куәландырған көшірмесі төлемақы сомалары немесе шарттың талаптары өзгерген кезде ғана табыс етіледі.

Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған соң немесе салық кезеңі басталғаннан кейін жергілікті атқарушы орган немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі оны бұзған кезде, ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей табыс етіледі.

Төлемақы төлеушілер арнаулы су пайдалану орны бойынша салық органдарына декларация табыс етеді.

Төлемақы төлеушілер, осы баптың 3-тармағында аталғандарды қоспағанда, тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей декларация табыс етеді.         Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.            Декларациялар салық органына табыс етілгенге дейін cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өңірлік органында куәландырылады.

Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластану объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларация тапсырады.

Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларация салық органдарына:

1) мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша – мұндай тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;

2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша – салық төлеушінің орналасқан орны бойынша тапсырылады. Төлемақы төлеушілер декларацияны, осы баптың 3 және 5-тармақтарында аталғандарды қоспағанда, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.  Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

     Рұқсат құжаты осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін ресімделген жағдайда, аталған төлеушілер декларацияны рұқсат құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.

Панфилов ауданы бойынша

МКБ Бас маман  Турлыбекова А

Пікірлер қалдыруы жабылған.